Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 января 2021 11:15

Сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты - ІІМ өкілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Арыстанғани Заппаровтың сөзінше, барлық сайлау учаскесі қауіпсіздік тұрғысынан тексеруден өткен. 

"Полицейлердің бақылауымен бюллетендердің бәрі учаскелерге еш кедергісіз жеткізілді. Айта кету керек, сайлау туралы заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуына, сондай-ақ дауыс беруге арналған ғимараттардың ішінде болуына құқы жоқ. Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін сайлау учаскесінің ішіне кіре алады", - деді Арыстанғани Заппаров ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Оның айтуынша, сайлау учаскелерінің төрағаларынан мұндай өтініш әзірше түспеген. 

"Жалпы қазіргі уақытта еліміздегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ. Жағдай ішкі істер органдарының бақылауында", - деді Заппаров. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды. Онлайн трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети