Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 июля 2021 14:42

Семейде қаскөйлер зиратты талқандап, қоршауын алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде зиратты талқандап, қоршауын кесіп, темірге өткізіп пайда табатындар көбейді. Қабірді қорлағандарды қазір полиция іздеп жатыр, - деп хабарлайды AIBAT жаңалықтар қызметі.


Семейде зиратты талқандап, қоршауын кесіп, темірге өткізіп пайда табатындар көбейді. Қабірді қорлағандарды қазір полиция іздеп жатыр, - деп хабарлайды AIBAT жаңалықтар қызметі.

Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, әжесінің басына құран оқуға келген Бибігүл Кеңесқызы бейіттің айналасын көріп жағасын ұстапты. Қабірдің сыртқы қоршауынан түк қалмаған.

"Жүрегімізді ұстап, не деген сондай адамдар бар деп ойладық. Әжеміз болғасын жаңадан қоямыз (қоршауын айтады - авт.еск.). Тек қана сұрайтынымыз осы адамдарға шара қолданса", - дейді қала тұрғыны Бибігүл Кеңесқызы.

Қаскөйлер тіпті зираттың ішіндегі темір қоршауды талқандап, біразын кесіп алып кеткен. Бұл сұмдықты көрген тұрғындар шошып қалыпты.

"Тек біз емес жазған. Оның алдында да осындай жағдайлар болды. Осыны бірінші рет көрген кезде апам қатты қобалжыды. Әжем де құлап қала жаздады. Үйге келген соң ауырды. Дәрі ішті", - дейді қала тұрғыны Ілияс Амантай.

Жақын маңдағы темір қабылдау пунктіндегі қызметкерлер бейіт басынан ешкім келмеді деп, маңайына жуытпаған. 

"Біз зираттан әкелінген заттарды қабылдамаймыз. Ол үлкен күнә екенін білемін. Өзімнің туыстарымның да бейітін осылай тонап кеткен болатын", - дейді темір қабылдау пунктінің қызметкері Виктор Нуридинов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Қалалық полиция бұл істі тергеуді бастап кеткен. Олардың сөзінше, қабірді тонағандар ұсталса, абақтыға қамалады.

"Бұл қылмыстың жазасы - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі таңда осы қылмысты ашуға бағытталған барлық жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

Тұрғындар зираттың қоршауын қолды қылуға Семейдегі жұмыссыздық пен жоқшылық себеп деп топшылайды. Ал марқұмдардың жақындары қорымды өздері қайтадан қалпына келтірмек.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети