1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Сенат отырысын өткізу тәртібі өзгерді

  • 1
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева палата отырысын жүргізу тәртібі өзгергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Сенат отырысында қаралатын мәселелер бойынша баяндамашылар депутаттармен онлайн байланысатын болады. Сұрақтарға да бейнеконференция арқылы жауап береді.

"Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздікті сақтау үшін Сенат отырысын жүргізу тәртібіне өзгеріс енгіздік. Палата отырысында қаралатын заң жобалары бойынша баяндамалар, сұрақтар мен жауаптар бейнеконференция байланысы арқылы жасалады", - деді Дариға Назарбаева Сенат отырысында.

Бүгінгі Сенат отырысына 47 депутат қатысып отыр.

Еске салайық, елімізде коронавирус індетінің жаппай таралмауы үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған болатын.

Қазір 759 адам COVID-19 жұқтырған. 54 адам сауықты, 7 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!