ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
02 апреля 2019 | 09:35

Шенеуніктер халықпен қызметтік көлігінің тере­зесінен араласқанды қош көретіндей - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің басты осалдығын атады. Бұл туралы ол "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің басты осалдығын атады. Бұл туралы ол "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбатында Президент әкімдердің есеп беру форма­тының ескіргені, баяндамаларының жадағай цифрларға құрылатыны халықты шын мәнінде жалықтырғанын және жұртшылықтың сеніміне селкеу түсіретінін айтты.

"Байқасаңыздар, біздің кейбір шенеу­ніктерімізге жетпей жататыны - қара­пайымдылық, адами қарым-қатынастар. "Әкім бол - халқыңа жақын бол" деп халық бекер айтпайды. Оларға осы сөз бойтұмар болуы тиіс. Ал біздің шенеуніктер халықпен ка­бинетінің немесе қызметтік көлігінің тере­зесінен ғана араласқанды қош көретіндей. Әкімдерді жинаған кеңесте мен бұл әдетті тыюды қатаң ескерттім", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол ха­лықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды екенін айтты. Бұл үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу, жүргізіліп отырған саясатты жеріне жеткізе түсіндіру де өте қажет нәрсе.

"Халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құралдарды пайдалана білген жөн. Сонымен бірге, кері байланыс ор­натудың пайдасы зор. Өкінішке қарай, халықпен төте байланыс барлық жерде бірдей емес, байланыс орталықтары еліміздегі 17 әкімдіктің тек төртеуінде, ал мобильді халықтық бақылау 7 өңірде ғана бар. Мұндай жағдайда атқарушы билік елдің мұң-мұқтажына дер кезінде жауап қата алмайды. Осы уақытқа дейінгі оңтайлы реформа­лардың бәрі жергілікті жерлерге келіп тіреледі. Егер халықпен қоян-қолтық жұмыс атқаратын болса, әкімдіктер көптеген өзекті мәселені тиісті дең­гейде тез шеше алады. Бұл аза­мат­тардың билік институтына деген сенімін арттырады", - деген ол өңір әкімдерінің халықпен есептік кездесулерде ғана емес, тұрақты негізде кездесіп, барлық елдімекенді аралауға тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, әрбір шенеунік жүргізіліп жатқан реформалардың, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың мән-мақсатын халыққа нақты әрі ұғынықты жеткізе білуі тиіс. Ел басшысының айтуынша, шенеуніктердің бір осалдығы - халықпен қалай сөйлесу қажеттігін білмеуі. Сондықтан мен Мемлекеттік басқару академиясының базасында арнаулы курстар ашып, оларға халықпен белсенді қарым-қатынас жасайтын шенеуніктерді жіберу керек деп ұйғардым. Әкімдерге халықпен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуді, ашық және шұғыл әрекет етуді тапсырдым. Бұл аудандардан бастап об­лысқа дейінгі барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты. Олардың халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі - басты міндет", - деді ол.

Сонымен қатар, сұхбатында ол қол­даныстағы бюджет теңдестіріл­меген және қайта форматтауды талап ететінін мәлімдеді.

"Бюджеттің толығу көз­деріне жан-жақты сараптама жүргізілмейді. Екіншіден, бюд­жеттің "өндіріссіз шығындары" бар. Көптеген қажетсіз, жөнсіз шығынға жол беріледі. Сонымен қатар халықтың нақты табыс табуына қатысты мәселелерді тек бюджеттік шы­ғындар есебінен шешу мүмкін емес екенін де түпкілікті түсінгеніміз жөн. Бюджетке қатысты көзқа­ра­сымызды түбегейлі өзгертуге тиіс­піз. Мысалы, жергілікті әкімдер көлікті, жиһазды аса қымбатқа сатып алады. Оған қоса жергілікті атқару органдары түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге құмар. Осындай шығындарды тоқтатып, жергілікті бюджет қаржысын әлеуметтік іс-шараларға жұмсау керек", - деген ол ысырапшылдыққа тосқауыл қою қажет, сондай-ақ бюджеттің жымқырылуын мүлдем жою керек екенін баса айтты.

Президент халықаралық аренада еліміздің сыртұы саясатында көпвекторлы саясат ұстанатынын айтты.

"Көпвекторлы саясат - Қазақстанның географиялық орналасуынан, геоэкономи­ка­сы­нан туындайды. Бұл - ұзақмерзімді стратегиялық бағыт. Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасы осы жолды ұстанды. Бұл стратегияның нәтижесінде мемлекетаралық қақ­тығыстардан, аймақтық теке­ті­рестерден алыс болдық. Әлем бізді бітімгер мемлекет ретінде таныды. Бітімгерлік миссиясы бүгінде елі­міздің сыртқы саясатының ба­сымдығына айналды. Қазақстанды Азиядағы бейбітшілік платфор­масы деп айтуға толық негіз бар. (...) саяса­тымыз өзгермейді. Көпвекторлы стратегия алдағы уақытта да Қа­зақ­стан дипломатиясының басым бағыты болып қала береді", - деді Тоқаев.

Тоқаев латын гра­фикасына көшуде ендігі қадам қалай болмағын да түсіндірді.

"Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі", - деді ол.

Сұхбат соңында Президент "Ұлт ұстазы Абай Құнанбайұлы ХІХ ғасырдағы қазақтың мінез-қалыбын барынша өткір сынға алып еді. ХХІ ғасырдағы кердең мінезге нені жатқызар едіңіз?" деген сұраққа былай деп жауап берді: 

"Даңғазалық, ысырапшыл­дық. Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет. Осы туралы бұрынырақта, әлеу­мет­тік желіде пікірімді де жаздым. Ұлы Абай "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - за­лымдық деп білесің. Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүние­ден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды" дейді. Бізге надан­дықтан құтылу қажет".

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети