ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 сентября 2020 | 13:07

"Шетел банктерінде есепшоты болуы". Тоқаев енді жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продолжение

Президенттің пікірінше, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алып отыр.

"Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлықпен қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн", - деді ол.

Сонымен қатар, Президент бұл мәселеге қоғамды тарту маңызды екенін атап өтті.

"Сыбайлас жемқорлықпен күреске жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс. Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын "Қоғамдық бақылау туралы" заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсіру керек. Оларды сатып алуларды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыру, Парламент қарауындағы тиісті заң жобасын жыл аяғына дейін қабылдау керегін атап өтті. Оның пікірінше, қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту керек.

"Мысалы, біз мүмкіндігі шектеулі адамдар, осындай ұйымдардың жұмысына араласып, өз үнін жеткізу үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Олар әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуы тиіс", - деді ол.

Тоқаев тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды

Президент бірыңғай ақпараттық ресурс құру өзекті екенін жеткізді.

"Квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы, шаруашылық қызметін, бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтерді және басқа да құнды деректерді қоғамға қолжетімді ету үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құру аса маңызды болып отыр. Бұл мемлекеттік органдардың шешімі жөніндегі ақпараттың ашықтығы, азаматтық қоғам мен сындарлы диалог орнатуға септігін тигізеді. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заң жобасын мүмкіндігінше осы сессияның аяғына дейін қабылдау керек", - деді Тоқаев.

"Ерінбей еңбек ету, темірдей тәртіп, әділдік". Тоқаев зияткер ұлт қалыптастыратын 6 қағидатты айтты

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізу керегін айтты.

"2021 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктеріндегі есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттарды сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек. Мемлекет қызметшінің немесе квазимемлекеттік сектор басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатаңдату тұрғысынан ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу керек", - деді ол.

Президенттің айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. 

"Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйені қалыптастыруымыз керек", - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы пандемияны жеңу үшін 2 жыл керегін, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды, шенеуніктер санын қысқартуды, жер шетелдіктерге сатылмайтынын, жауапсыз несие беруді тоқтату керегін, мұғалімдердің жалақысы өсетінін, бала таба алмай жүрген отбасыларға көмек қалай көрсетілетінін, жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети