Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 сентября 2020 12:12

Қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезіндегі білім беру жүйесіне тоқталып, онлайн-платформа жасауды тапсырды. Сондай-ақ, ол мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезіндегі білім беру жүйесіне тоқталып, онлайн-платформа жасауды тапсырды. Сондай-ақ, ол мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продолжение

"Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттері  қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертіп жатыр. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, бүгінге дейін нақты бір онлайн-платоформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні WhatsApp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мектепте білім беру тәсілін әзерлеуді тапсырды.

"Дегенмен сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдер мен сыныптармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл әсіресе мектептер үшін маңызды", - деді ол.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мәселесіне тоқталып, олардың жалақысы өсетінін айтты.

"Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек. Білім саласындағы басты мәселелердің бірі - ұстаздар жалақысының аздығы. 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді", - деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау барысында жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату керек екенін айтқан, сондай-ақ, шенеуніктерді қысқартуды тапсырған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети