ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сентября 2020 | 11:37
Шетел түрмелерінде қанша қазақстандық жазасын өтеп жатыр?
Қазіргі таңда 735 қазақстандық шетел абақтыларында жазасын өтеп жатыр. Оның 70 пайызы Ресейде - 537 азамат. Біздің азамат болғанымен, олардың тұрмысы, жұмысы, отбасы сол жақта. Егер қайтамын десе, толық мүмкіндігі бар. Себебі екі ел арасындағы шарт бар. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенат отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазіргі таңда 735 қазақстандық шетел абақтыларында жазасын өтеп жатыр. Оның 70 пайызы Ресейде - 537 азамат. Біздің азамат болғанымен, олардың тұрмысы, жұмысы, отбасы сол жақта. Егер қайтамын десе, толық мүмкіндігі бар. Себебі екі ел арасындағы шарт бар. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенат отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Парламент Сенатының отырысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында "Сотталған азаматтарды беру туралы шарт" ратификациясы қаралды.
Айта кетейік, бұл заң жобасы бұған дейін Мәжілісте мақұлданған.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов шарттың негізгі ерекшелігін түсіндірді.
"Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы кезекті шартты ратификациялау үшін келіп отырмыз. Бүгін шарт - сотталған азаматтарды беру туралы. Мұның алдында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы және қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін ұстап беру жөніндегі шарттарды бекіттік. Осы шартпен екі ел арасындағы қылмыстық саладағы толық келісімдер жинағы жасалып отыр. Қазір екі елдің өзара қарым-қатынасы жақсы дамып жатыр. Арамызда виза жоқ. Сауда, инвестиция, туризм артып келеді. Жыл сайын көші-қон саны өсіп жатыр. Мынаны айта кеткен жөн, Араб Әмірліктерінде бар жекелеген қылмыстар мен жаза түрлері бізде жоқ. Мысалы, олардың ораза бұзуы, қоғамдық орында алкоголь ішу, некесіз жыныстық қатынасқа түсу қылмыс болып саналады. Бірақ екі мемлекеттің де заңы бойынша негізгі қылмыс пен жаза түрлері ұқсас.
Жалпы біз басқа елде қылмыс үшін жауапқа тартылған азаматтарға қол созуымыз керек. Себебі мемлекет үшін шетелде жүрген азаматтарды қорғау, қамқорлық көрсету - конституция жүктеген міндет. Сондықтан қылмыс жасады деп айыпталған азаматтардан бас тартпаймыз. Оларды туған жерінде, әлеуметтік ортада жазасын өтеуге мүмкіндік жасаймыз", - деді бас прокурордың орынбасары.
Марат Ахметжанов шарттың негізгі талаптарын түсіндірді.
"Енді шартқа келсек, оның негізгі мақсаты - сотталғандарға жазасын елінде өтеуге жағдай жасау. Бүгінгі шарт әрине үлгілі негізде жасалған. Құжатта сотталған адамды беру мен одан бас тарту жағдайлары нақты көрсетілген.
Шартқа сәйкес, сотталған адамдарды беру үшін:
Қабылдаушы тараптың азаматы болуы тиіс; Сотталған адамның келісімі керек; Үкім күшіне енуі тиіс; Әрекет екі жақта да қылмыс болып есептелуі керек және басқа да негіздер бар.Ал мынадай жағдайларда сотталған адамды беруден бас тартылуы мүмкін:
Егер беру ел егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де ұлттық мүдделеріне нұсқан келтіруі мүмкін болса; Әскери қылмыс болып саналса; Қабылдаушы тараптың заңнамасы бойынша үкімді орындау мүмкін болмаса; Сотталған адамның беруші елдегі орындалмаған айыппұлы немесе басқа мүліктік міндеттері болса."Қазіргі таңда біздің 6 қазақстандық Араб Әмірліктерінде жазасын өтеп жатыр. Шарт күшіне енген соң оларды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Қазақстанда БАӘ сотталған азаматы жоқ. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес ұл құжат ратификациялауға жатады. Себебі адам құқықтарына тікелей қатысты. Шартты іске асыру бюджеттен қосымша қаражат талап етпейді", - деп Марат Ахметжанов депутаттардан шартты ратификациялау туралы заңды қолдауды сұрады.
Содан соң депутаттар заңды талқылады.
Сенатар Нұртөре Жүсіп "Қазақстанда қылмыс деп саналмайтын: түсік жасату, некенің адалдығын бұзу, алкогольді ішімдік ішу, құмар ойнау дегенге байланысты оларда (БАӘ-де - авт.) қатаң жаза қолданады. Ал біздің азаматтар сол заңды білмеген салдарынан, сондай пәлекеттерге ұрынса, тиісті өтініш білдірсе, олардың жазасын Қазақстанда өтеуге қайтаруға, ауыстыруға бола ма?", - деп сұрады.
"Шартта айтып кеттім, бірінші ерекшелігі (сотталған адамды бергенде шарттың талабы - авт.) ол жақта да, біздің жақта да бұл ұлттық заңнамамен қылмыс болуы тиіс. Өкінішке қарай, бұл - қылмыс емес. Сіз айтқан әрекеттер қасақана жасалатын әрекеттер. Ораза кезінде көшеде мас күйінде жүру. Ол біздің де Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінде көрсетілген. Оларда мұндай жазалар жүре соғу, айыппұл салумен шектеледі. Түрмеге отырғызу жоқ. Бүгінгі біздің алты азаматымыз біздегі түрлі қылмысқа сәйкес жазаға тартылып отыр. Біздің Қылмыстық кодексімізде 467 бап, оларда 434 бап. Соның 10-ы ғана бір-бірімен сәйкес келмейді. 98 пайызы оларда да, бізде де қылмыс болып саналады. Сондықтан бұл ешқандай кедергі әкелмейді деп ойлаймыз", - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.
Содан соң депутат Сүйіндік Алдашев сұрақ қойды.
"Ресми ақпараттар бойынша, бүгінгі таңда шетелде еліміздің 831 азаматы қамауда отыр. Халықаралық шарттар 21 елмен жасасқан. Жыл сайын, мысалы 2019 жылы 28 адам қайтарылған. Биыл 10 адам елге қайтарылған. Өзбекстан, Кипр, Перу, Доминикан Республикасымен шарт жасасу жоспары бар деп отырсыз. Шарттарды жасақтағанда қандай ұстанымдарға сүйеніп дайындалады", - деді сенатор.
Бұл сұраққа Марат Ахметжанов жауап берді және шетелде сотталған қазақстандықтардың 70 пайызы - 537 азамат Ресейде жазасын өтеп жатқанын айтты.
"Жаңағы сан қатып қалған сан емес, күнде өзгеріп тұрады ғой. Қазіргі таңда біздің 735 қазақстандық шетел абақтыларында отыр. Оның 70 пайызы Ресейде - 537 азамат. Біздің азамат болғанымен, олардың тұрмысы, жұмысы, отбасы сол жақта. Егер қайтамын десе, толық мүмкіндік бар. Екі ел арасындағы шарт бар. Осы екі жылдың төңірегінде, 2019-2020 жылы үш азаматқа Ресейден бізге беруге бас тартты. Олар келтірілген залалды өтеген кезде бізге алуға мүмкіндік беріледі.
Былай азаматтарымыздан бас тарту деген мәселе жоқ. Сіз дұрыс айттыңыз, отырған адамдардың 96 пайызы ТМД елдерінің азаматтары. Енді осындай шарт Өзбекстанмен қарастырып отырмыз. Өйткені 24 азаматымыз Өзбекстанда, ал 400-ге жуық өзбекстандық біздің түрмеде отыр. Сондықтан осы шартқа қол қойған кезде Өзбекстаннан елге қайтарамыз, олардың келісімі болса. Бұл айтып кеткенім - екіжақты сотталған адамды беру шарты. Ал жалпы бізде 68 елмен екіжақты, әртүрлі шарт бар. Ол дегеніміз біздің ұлттық қылмыстық заңнамамыз халықаралық стандарттарға сай келеді дегенді білдіреді.
Отырыс кезінде депутаттар ұсынысын айтты және шартты ратификациялау туралы заң қабылдансын деген Сенат қаулысы шығарылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также