ШҚО-да аудан әкімдіктері неліктен Toyota Camry көлігін жалға алуға әуес?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Соңғы рет 2021 жылы жаңартылған мемлекеттік реестр мәліметінше, Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты балансында Chevrolet Captiva, Skoda Superb B8, Skoda Octavia A7, ВАЗ 21213-130 және УАЗ 22069 көліктері болған. "УАЗ не үшін керек?" деген сұрақ қойылуы мүмкін, аталған өңірдің кейбір елдімекендеріне онсыз жету мүмкін емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы рет 2021 жылы жаңартылған мемлекеттік реестр мәліметінше, Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты балансында Chevrolet Captiva, Skoda Superb B8, Skoda Octavia A7, ВАЗ 21213-130 және УАЗ 22069 көліктері болған. "УАЗ не үшін керек?" деген сұрақ қойылуы мүмкін, аталған өңірдің кейбір елдімекендеріне онсыз жету мүмкін емес, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл жазда мемлекеттік мекеме 15 млн теңгеге екі көлік сатып алу үшін "Allur" Сауда үйі" ЖШС-мен келісімшартқа қол қойған. Техникалық сипаттамада қол жеткізетін Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері "СарыарқаАвтоПром" ЖШС зауытында өндірілгені жазылған. Кепілді мерзімі – 36 ай немесе 100 мың шақырым.
Штаттық кестеге сәйкес, аудан әкімі Ділдар Қалиқанның үш орынбасары бар: Серік Жакитов, Расул Қарабалинов және Раджан Ілиясов. Бұдан бөлек, аудан әкімі аппаратының басшысы болуы керек.

Ол орын әзірге бос, алайда жуықта мемлекеттік сатып алу келісімшартына аппарат басшысы атынан қазір аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін тізгіндеп отырған Айдар Лұхбеков қол қойған. Негізінде, шенеуніктерге қарағанда көліктердің саны көп. Соған қарамастан әкімнің аппараты қызметтік көлікті жалға алу үшін тұрақты түрде келісімшартқа қол қойып отырады. Қызығы сол, үнемі Toyota Camry-ді таңдайды. Негізі, темір тұлпардың асты тез тиіп қалатын таулы, жоталы өлкеде дәл Toyota Camry-мен жүру біршама қолайсыз. Дегенмен тапсырыс берушілердің бір білгені бар сияқты. Биыл жыл көлемінде әкімнің аппараты осы сияқты екі көлікті жалға алған, ендігі үшіншісін иемденуге қам қылып жатыр. Алдыңғы екі келісімшарт "VIP AVTO" жеке кәсіпкерлігімен жасалынған.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бірінші келісімшартқа 2023 жылдың мамыр айында, екіншісіне шілде айында қол қойылды. Автокөліктерді желтоқсан айының 31-не дейін өткізіп қоюлары керек. Осы мақсатқа бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Келісімшарт баға ұсынысы негізінде жасалды. Бұнымен қоса, әкімдік аппараты қазан айында жеңіл көлікті жалға беру қызметін ұсыну мақсатында тағы да мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Шамамен 3 млн теңгеге. Тағы да тапсыру мерзімі – желтоқсанның 31-не дейін, ал көлік ретінде сол Toyota Camry таңдалды.

Айта кетейік, VIP AVTO жеке кәсіпкерлігінің бекіткен бағасы бойынша, көлікті бір сағатқа жалға алудың бағасы – 7000 теңге. Мемлекеттік сатып алу порталының ашық жарияланымында солай деп көрсетілген. Алайда көлікті бір аптадан артық уақытқа алса, онда күніне 27 мың теңгеден төлеу керек болады. Ал Самар ауданы әкімінің аппараты жалға алудың мұндай түрі үшін шамамен 5 млн теңге төлепті. Қызығы сол, бұл жерде көліктің маркасы нақты жазылмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 26
Астана 27
Актау 24
Актобе 30
Атырау 23
Б
Балхаш 34
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 25
Кокшетау 30
Костанай 36
Кызылорда 25
П
Павлодар 23
Петропавловск 23
С
Семей 27
Т
Талдыкорган 32
Тараз 34
Туркестан 19
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 33
Ш
Шымкент 30

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer