РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
14 декабря 2023 | 11:09

ШҚО-да онкологиялық аурулар бойынша жағдай ушығып тұр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Асыл Бигелді Фото: Massaget.kz / Асыл Бигелді

Өскемендіктер қатерлі ісік, тыныс алу жолдары және қан ауруларымен көп сырқаттанып жатыр. Жуырда еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көңіл көншітпейтін статистика ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өскемендіктер қатерлі ісік, тыныс алу жолдары және қан ауруларымен көп сырқаттанып жатыр. Жуырда еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көңіл көншітпейтін статистика ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқ аласыздар.

Ауаға қанша көлемде зиян шығарындылар бөлінетінін мұның алдында сенатор Ольга Булавкина да айтқан болатын. Алысқа бармай-ақ, күкіртсутектің өзі 10 есе, азот диоксиді екі есеге көп таралып жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ЖЭО, кәсіпорындар және көліктерден ауаға жылына 158 мың тонна зиянды қалдықтар бөлінеді.

"Лас заттардың ауамен көптен араласуынан адамдардың тұншығуы мүмкін. Өкпе ісініп, топырақтың қышқылданып кетуі ғажап емес", - деді сенатор.

Бірақ дәрігерлер бұдан да сорақы статистиканы ұсынды. Қаланың тұмшаланып кетуі басқа да қалдықтармен қабаттасып, ағзаға айтарлықтай қауіп келтіруі мүмкін. Анығы сол, Шығыс Қазақстан өңірі әлі де онкологиялық аурулар бойынша республика көлемінде алғашқы үштікте.

Сенаторлар жағдай реттелуі үшін облысты газдандыру тиімді екенін жеткізді. Олардың сөзінше, алдымен жеке сектор зиянсыз отынмен қамтылуы қажет. Әрі қарай көліктерді қамтып, соңында ірі энергетика нысандары жоспарға енуі тиіс. ҚР Энергетика министрлігі комитетінің төрағасы Сұңғат Есімхановтың айтуынша, өңір көлемінде күні бүгінге дейін газдың тартылмауы өзекті мәселе. Сол үшін де алдымен көмір станциялары бойынша есеп-қисапты шығарып алу керек. Қысқасы, үкімет басындағылар мәселені ғылыми бағыт арқылы шешуге мүдделі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, аймақ бойынша онкологиялық ауруға шалдыққан 13 мыңға жуық науқас есепте тұр.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқ аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer