Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 апреля 2020 15:12

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамның ұлы оқшауланды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Науқас бүгін түнде реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының онлайн-брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Науқас бүгін түнде реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының онлайн-брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Шымкент қаласында коронавирустан бір науқас көз жұмды. Науқас - 1964 жылы дүниеге келген, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны. Науқас 3 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Науқас жүк көлігінің жүргізушісі болған. Мәскеу - Алматы маршруты бойынша Шымкент қаласына транзитпен тоқтаған. Температурасына шағымдануына байланысты жедел жәрдем көмегімен науқас инфекциялық ауруханаға стационарға жатқызылған. Оның ауру жағдайына байланысты реанимациялық бөліміне ИВЛ аппаратына қосылған, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгін түнде науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.

Еске салайық, бүгін Шымкентте коронавирустан өлім дерегі тіркелді. Бұл - коронавирус індетінен болған алтынша өлім жағдайы. Бұған дейін қайтыс болғандар Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысы 1 адам тіркелді. 

Коронавирустан алғашқы адам өлімі 26 наурызда тіркелді. Қайтыс болған 64 жастағы әйелдің кейінірек Алматыға құдалыққа барғаны анықталды. 

Екінші өлім жағдайы 31 наурызда Нұр-Сұлтанда тіркелді. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

1 сәуірде Қарағанды облысында коронавирустан қайтыс болған адам тіркелді. Төртінші жағдай кеше 4 сәуірде Түркістан қаласында тіркелді. Сонымен қатар, кеше тағы бір өлім жағдайы анықталды. Бесінші оқиға Ақмола облысында тіркелген еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 
 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети