Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 июля 2021 17:27

СҚО әкімі неге вакцина салдырмағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов неге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов неге коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құмар Ақсақалов алдағы уақытта міндетті түрде вакцина салдыратынын айтты. 

"Өзім де сәуір айында коронавирус жұқтырып, ауырып шықтым. Сондықтан мендегі антидене деңгейі жоғары екен. Кішкене уақыт өтуі керек. Мен міндетті түрде вакцина салдырамын. Себебі бұл індетті тек вакцина арқылы жоюға болады", - деді әкім ОКҚ брифингінде. 

Ақсақалов облыс бойынша халықтың 42 пайызы вакцина салдырғанын айтады. 

"Бүгінде полицейлердің 93 пайызы, мұғалімдердің 70 пайызы, мемлекеттік қызметкерлердің 70 пайызы вакцина салдырды. Вакцинация бойынша жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр", - деді Құмар Ақсақалов.  

Айта кетейік, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 15 335 адам коронавирус жұқтырса, оның 14 955-і аурудан айыққан. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети