Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 декабря 2019 18:40

Ісіміз жүзеге асса, жетімдер азаяды - Анар Рахимбаева. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аналар үйінің" негізін қалаушы Анар Рахимбаева Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Аналар үйінің" негізін қалаушы Анар Рахимбаева Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында Анар Рахимбаева еліміздегі бала асырап алу проблемасына тоқталды. 

"Ең бастысы, міндетті түрде ата-ананың үлкен дайындықтан өтуі. Екінші - сүйемелдеу. Қарапайым тілмен айтқанда, отбасыға келген күнінен бастап балаға да, отбасыға да көмектесу. Мейлі оларды дайындықтан өтті делік, толық дайын делік. Дегенмен, ескерілмей қалған, мән бермеген, айтылмай қалған тұстары болады. Бала орталықта қаншалықты аз уақыт болса, жаңа отбасыға соншалықты тез бейімделеді. Өкінішке қарай, қазіргі жағдайда балалар тұтқында секілді. Жаңа отбасыға баруға дайын балалардың ахуалы, жағдайы да анықталмаған. Мәселен, әлеуметтік. Әкесі не анасы бар. Бірақ, ата-ана құқығынан айырылған. Ал, асырап алуға ниетті ата-ана баланың толық жетім болғанын қалайды. Өз тегін бергісі келеді. Бір күні анасы келіп алып кетуі мүмкін деп қорқады. Патронатты көмек болса, оны да уақытша деп уайымдайды. Бірақ, ол есейген балалар үшін өте жақсы. Балалар үйінде өткізетін уақытты статусын анықтау арқылы азайтса немесе аз уақытта жеңіл оңалту жүргізсе... Себебі, диагноз да кей ата-аналарды қорқытады. Диагноздарды тағы қарастырып, емдеуге болатынын да ескерген жөн", - дейді Рахимбаева.

Сондай-ақ, ол бұл мәселелердің шешу жолын да ұсынды.

"Біз мұның барлығын өз мойнымызға аламыз деген сөз емес. Біз бұл тақырыпты көтеріп бастағанда да айттық. Бірінші кезекте, заң аясында жағдайын анықтау. Бірақ бақылау функциясы қалай мемлекеттік болды, солай қалады. Жекеменшік балалар үйі, республикалық дерекқор барлығын өз мойнымызға алып, жұмыскерлерді таратамыз деген мақсат емес. Көбісі бизнес деп ойлап жүр. Ешқандай бизнес емес. Құжат кезіндегі дайындық, көмектесу барлығы қор атынан жүреді.

Біздің ісіміз жүзеге асса, балалар үйіне балалардың келуі азаяды, қалмайды дегенге кепілдік жоқ. Бірінші кезекте, бала саны азаяды. Басым бөлігі дайын отбасыға барады. Қазір мысалы, балалар үйіне түскен балалар 6-7 жастан бастап, кәмелет жасқа дейін тұруы мүмкін. Себебі, кей жүйелер әлі толық жүзеге аспаған. Иә, ол орталық ретінде қалады. Бала орналастырылған күннен бастап, оны дайындайды. Жаңа отбасы табуға тырысады. Ол тек уақытша орталық болып қалады", - дейді "Аналар үйінің" негізін қалаушы.


Анар Рахимбаева © instagram.com/anar_rakhimbayeva

Сонымен қатар, ол отбасы асырап алатын бала тәрбиесінің маңызын атап өтті. 

"Баланың болашақта қандай болатынының 90 пайызы тәрбиеге байланысты. Бес жылдан кейін қандай болатыны үш нәрсеге қатысты айқындалады. Біріншісі, қандай кітап оқитынына байланысты. Екіншісі, жанындағы адамдар. Бала жаңа отбасыға, алдын ала дайындалған жаңа ортаға қаншалықты ерте орналасса, соншалықты тез үйренеді, соншалықты сіздерге, яғни жаңа ата-анасына ұқсайтын болады", - дейді бағдарлама қонағы. 

Анар Рахимбаеваның айтуынша, асырап алынған баланың мінезі мен қалыптасуы генетикадан гөрі жаңа отбасына байланысты екен. 

"Өмірді қалай қабылдайтыны, ас ішуі, ұйықтауы, сөйлеуі, оқуы, қандай фильм көруіне дейін сізге қарап үйренеді, сізге қарап қалыптасады. Бала сонысымен сіздің көшірмеңізге айналады. Бірақ генетикалық тұрғыдан емес", - дейді бизнесвумен. 

Бағдарлама қонағының айтуынша, жетімдер үйінен ата-аналар баланы қамқорлығына алғаннан кейін қайтадан өткізіп жататын кездер болады екен. 

"Ең қорқыныштысы - баланы қайтару. Екінші рет қайтару - бала үшін ауыр жарақат. Сондықтан қайтаруды азайту үшін біз алдын ала дайындық мектебінен өтпей жатып, барлығын білмей жатып, бала асырап алуға қарсымыз. Қазір енді ниетке байланысты. Дайындық мектебінен өтуге де, өтпеуге де болады", - дейді Анар Рахимбаева. 

Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети