1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Собчак "Қазақстанда орыс тілі шектелді" деген ресейлік депутаттарға жауап берді 17 сентября 2021, 13:02

Танымал журналист Ксения Собчак ресейлік депутаттардың "Қазақстанда орыс тілі шектелді" деген мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ксения Собчак. © РИА Новости Ксения Собчак. © РИА Новости

Танымал журналист Ксения Собчак ресейлік депутаттардың "Қазақстанда орыс тілі шектелді" деген мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ойын ол "Оян, Қазақстан!" бағдарламасына айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Ксения Собчак Қазақстанға Еуразия Медиа Форумына қатысу үшін келген. Форум кезінде "Жетінші арна" тілшісі ресейлік журналистен сұхбат алған.  

Журналист Собчактан "Кейінгі кезде ресейлік БАҚ Қазақстандағы орыс ұлтына, орыс тіліне деген теріс көзқарас жайлы жиі жазып жүр. Бұл мәселеге қатысты не ойлайсыз?" деп сауал қойған. 

"Бұл жағдайды сіздің орныңызда болсам, тіпті назарға да алмас едім. Әр сайлау науқаны басталар кезде осы мәселені көтеріп, бізде патриоттық сезімді оятуға тырысады. Сіздерге мұның қатысы жоқ. Әлемдегі әр орыстың мұңын шағып жүргендерін ресейлік дауыс берушілерге көрсету мақсатында жасалатын әрекет бұл. Сайлауға қанша, үш күн қалды ма? Демек, бір аптадан кейін бұл тақырып мүлдем ұмытылады. Осы мәселе көтерілген мезгілдерді қарасаңыз, әрдайым сайлаумен тұспа-тұс келіп тұрады", - деді Собчак. 

Сондай-ақ, Ксения Собчак жеке күн тәртібі жайлы да айтып кетті. Мәселен, қауырт жұмысы өте көп журналист таңертен ерте тұрмайды екен. Шамамен түскі сағат 12 кезінде кеңсеге барып, кофе ішемін дейді. Себебі ол "үкілер" қатарынан, шабыты түнде оянады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OYAN, QAZAQSTAN! (@oqazaqstan)

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Ресейде Думаның VIII шарықылым депутаттарын сайлау өтеді.



Join Telegram