Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 сентября 2023 09:10

Су министрлігі мәселені шеше ала ма? Сарапшылар пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатыны туралы айтқан болатын. Министрлік құрудың маңызы неде? Еліміздегі су тапшылығын шеше ала ма? Осы сұрақтар төңірегінде Massaget.kz тілшісі зерттеп, мамандармен хабарласты.


1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатыны туралы айтқан болатын. Министрлік құрудың маңызы неде? Еліміздегі су тапшылығын шеше ала ма? Осы сұрақтар төңірегінде Massaget.kz тілшісі зерттеп, мамандармен хабарласты.

"Суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру керек"

Гидрогеолог, Қ. Сәтбаев атындағы университеттің "Гидрогеология және инженерлік геология" кафедрасының профессоры Ерғали Әуелханның айтуынша, министрлік нақты бір бағытта жұмыс істесе, еліміздегі салалардың дамуына пайдасы зор.

Фото: жеке мұрағаттан

"Кез келген саланың барлығы сумен байланысты. Сондықтан да, бүгінгі Мемлекет басшысы айтқан Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуын қолдаймын. Министрлік су тапшылығы мәселелері, еліміздегі ескірген немесе жұмыс істемей тұрған су қоймаларын қалпына келтіру, суды тиімді пайдалану мәселелерімен тікелей айналысады деп ойлаймын. Бұрын аталған мәселелермен айналысатын мекемелер болды. Бірақ нақты министрлік болмаған соң олардың да жұмысы ақсаған шығар. Министрлік құрылып, нақты бір бағытта жұмыс істесе, аграрлық сектордың,ауыл шаруашылығының, өндірістік саланы дамуына әсері зор. Себебі кез келген өндіріс орнын ашу үшін оны әуелі техникалық және ауыз сумен қамтамасыз ету керек", - деді гидрогеолог.

Оның айтуынша, бұл сала бойынша елімізде бірнеше университет мамандар даярлап жатыр.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Деньги нужно считать, а Tengri.Деньги - читать! Подписывайтесь на наш Telegram-канал об экономике и финансах

Жаңалықты бірінші болып білгіңіз келсе, қазақ тіліндегі Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.1   490.7   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети