Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 августа 2020 17:03

Таиланд пен Грузияға ұшақтар қашан ұшатыны белгілі болды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

10 тамыздан бастап Таиланд пен Грузияға әуе рейстері қайта жанданады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 тамыздан бастап Таиланд пен Грузияға әуе рейстері қайта жанданады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты әуе тасымалы тоқталғанға дейін Қазақстанда 26 мемлекетпен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы болған.

"Биылдың 1 мамырынан бастап, Қазақстан Президентінің тапсырмасын орындау үшін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ішкі әуе рейстері кезең-кезеңімен қайта жандандырды. Бүгінгі күні ішкі әуе рейстері толығымен жанданды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, комитет төрағасы халықаралық әуе рейстері қашан жанданатынына тоқталды.

Ведомствоаралық комиссияның 15 маусымдағы шешіміне сәйкес министрлік Түркия, Оңтүстік Корея халықаралық әуе рейтерін қайта жандандыру мәселесін пысықтады. Биылғы 10 тамыздан бастап, Таиланд пен Грузияға әуе рейстері қайта жандандыру жоспарланып отыр", - деді Сайранбек Бармаков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети