Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 августа 2020 10:09

"Тамыз-қыркүйек раунды". Ұлттық банк экономикалық даму болжамын ұсынды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Коронавирус пандемиясының салдары әлем экономикасының даму болжамдарын қайта қарауға себеп болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус пандемиясының салдары әлем экономикасының даму болжамдарын қайта қарауға себеп болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемдегі ең ірі экономикалардың жандана бастауына қарамастан, коронавирустың екінші қайталануы және АҚШ пен Қытай арасындағы саяси, сауда келіспеушіліктерінің күшеюі аясында ұзақ қалпына келтіру тәуекелдері сақталып отыр. Ұлттық банктің қазақстандық кәсіпорындарға жүргізген сауалнамасы осы жылғы үшінші тоқсанда экономикалық белсенділіктің қалпына келу қарқыны төмен болуы мүмкін екенін көрсетеді. Шілдеде басталған іскерлік белсенділіктің төмендеуі (46,8-ден 44,7 тармаққа дейін) тамызда да карантин шектеулері аясында жалғасуы мүмкін", - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы өзектендірілген макроэкономикалық деректерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ақша-кредит саясатының көрсеткіштері бөлігінде жаңартылғанын атап өтті және болжамдарын ұсынды:

"Инфляция болжамы

Дезинфляциялық әсер көрсететін әлсіз ішкі сұраныс аясында 2020 жылға арналған инфляция болжамы ӘЭДБ-нің  (Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының) бірінші кезеңіндегі 9-11 пайыздан 8-8,5 пайызға дейін қайта қаралды. Біздің бағалауымыз бойынша, 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі және ішкі экономиканың қалпына келуі аясында жылдық инфляция 4-6 пайыз дәлізінің жоғарғы шекарасына жақын қалыптасатын болады және осы дәлізде 2022 жылы да қалыптасады.

Осыған байланысты инфляция болжамы мынадай таргеттерге сәйкес келеді: 2021-2022 жылдары 4-6 пайыз, 2023-2024 жылдары 4-5 пайыз және 2025 жылы 3-4 пайыз.

Төлем балансы

Осы жылғы бірінші жартыжылдықта төлем балансының қазіргі шотының профициті (алдын ала бағалау бойынша 2,1 миллиард АҚШ доллары) тікелей инвесторларға төленетін кірістердің төмендеуі (3,5 есе) және жыл басындағы мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасы мен жеткізілімдері есебінен тіркелді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша пандемия салдарынан төлемге қабілетті сұраныстың төмендеуі және инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының баяулауы аясында 2020 жылы тауарлар импортының 13,1 пайыз (33,6 миллиард АҚШ долларына дейін) қысқару болжамына  қарамастан төлем балансының қазіргі шотының тапшылығы болады деп болжанды. 

Бұдан кейінгі импорттың болжамды серпіні импортты алмастырудың белсенді саясатын іске асырумен негізделген. Бұл ретте, 2021 жылы кейінге қалдырылған сұраныс пен 2020 жылы тоқтатып қойғаннан кейін инвестициялық жобаларды іске асыруды жылдамдату салдарынан импортты қалпына келтіру және оның 8,1 пайыз (36,3 миллиард АҚШ долларына дейін) өсуі мүмкін деп болжанды.

Тауарлар экспортының болжамы шикізаттық емес тауарлар экспортының ұлғаюына байланысты шаманы көрсетеді, бұл 2025 жылға қарай экспорттың 50 миллиард АҚШ долларынан жоғары деңгейге дейін кезең-кезеңімен өсуіне алып келеді. Ұлттық банк Үкіметтің өңдеуші өнеркәсіп экспортын 2025 жылға қарай 42 пайыз ұлғайту жөніндегі жоспарларын қолдайды.

Ақша массасын, депозиттер мен кредиттерді қоса алғанда, ақша-кредит саясатының көрсеткіштері Ұлттық экономика министрлігі орта мерзімді кезеңге ұсынған ЖІӨ (Жалпы ішкі өнімнің) номиналды өсу болжамының негізінде болжанған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша халықтың нақты табысының төмендеуі аясында тұтынушылық шығыстардың бір бөлігі қаржыландырылатын депозиттер әлсіз өсуі болжанып отыр. Біздің күткеніміз бойынша экономикаға берілетін кредиттер де іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында баяу өсетін болады.

Ұлттық Банк қазіргі уақытта "тамыз-қыркүйек" болжам раундын өткізіп жатыр, оның аясында макроэкономикалық индикаторлардың болжамдары қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, осы жылғы 7 айда ІЖӨ-нің 2,9 пайыз қысқаруы бойынша нақты деректерді ескере отырып, ІЖӨ-нің 
2020 жылға қысқаруының ағымдағы болжамы ((-)1,8 пайыз деңгейінде төмендеу) жаңартылатын болады.

Бюджеттің тапшылығы мен Ұлттық қор

Республикалық бюджеттің жобасы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер көлемінің едәуір артуын көздейді. Нәтижесінде, болжам бойынша, 2023 жылдың соңына қарай Ұлттық қор қаражаты ІЖӨ-нің 30,8 пайызын құрайды және ІЖӨ-нің 30 пайызына тең азаймайтын қалдығына жақындайды. Осыған байланысты, 2021 жылы контрциклдік бюджет ережесінің енгізілуін ескере отырып, Ұлттық қордың жинақтау функциясын сақтау және мұнай тапшылығын азайту үшін шараларды қабылдау қажет болады", - деп ұсынды Ұлттық банк төрағасы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети