Танымал журналист Қуандық Шамахайұлының неден қайтыс болғаны анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуандық Шамахайұлы. Фото: facebook.com/Shamakhayuly Қуандық Шамахайұлы. Фото: facebook.com/Shamakhayuly

Қазақстандық танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қуандық Шамахайұлының 23 маусымда COVID-19 жұқтырды деген күдікпен жедел жәрдем қызметі арқылы ауыр халде ауруханаға түскенін мәлімдеді. 

"Осы уақыттан бастап ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Қойылған диагнозы: ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмониясы. Емдеу диагностикасы емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады", - делінген басқарма хабарламасында. 

Шамахайұлы Facebook-парақшасындағы соңғы жазбасында түнгі 2:00-де ұйқысынан оятып, дәрі бергенін, бірақ оның нақты қандай дәрі екенін айтпағанын жазған еді.

Басқарма мәліметінше, 29 маусымда танымал журналистің жүрегі тоқтап қалған. Реанимацияға қарамастан, науқас қайтыс болған. Қазір өлімнің себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.

Қуандық Шамахайұлы 1960 жылы Моңғолияда туған. Ұланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналист мамандығы бойынша білім алған. ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

Журналистикадан бөлек жазушылықпен де айналысқан. "Таскене", "Сексеуіл бүршік жарғанда" романдарының, "Кішкентай адам", "Сағым жыл" әңгімелерінің авторы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 15
Астана 18
Актау 17
Актобе 13
Атырау 17
Б
Балхаш 20
Ж
Жезказган 16
К
Караганда 17
Кокшетау 14
Костанай 26
Кызылорда 17
П
Павлодар 13
Петропавловск 14
С
Семей 14
Т
Талдыкорган 18
Тараз 23
Туркестан 15
У
Уральск 10
Усть-Каменогорск 21
Ш
Шымкент 13

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer