РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
19 января 2021 | 09:42

"Тәулігіне 6-9 мың адамға дейін". Цой наурызда вирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін екенін болжады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/ Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/ Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау тобы қазіргі шектеу шараларын, оның ішінде маска тағу, қашықтық сақтау және алдағы вакцинациялауды ескере отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Жаппай жұқтырудың көп болатын уақыты осы жылдың наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мыңға дейін адам КВИ жұқтыруы мүмкін. Ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Дегенмен мұндай сценарийде карантинді қатаңдату жоспарланып отырған жоқ", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Реалистік және пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мыңға дейін КВИ жағдайы тіркелуі мүмкін. Ал 45 мыңға дейін төсек орын бос болмауы ықтимал. Яғни коронавирус жұқтырғандарға әзірленген 52 мың төсек орын көрсеткішінен асып тұрған жоқ. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін ауырлатпау және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін карантин шараларын қатаңдатуға әкеп соғады", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін министр Үкімет отырысында жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынатынын айтқан болатын.

Қазақстанда вакцинациялау кезеңдері аталды. Бірінші кезекте - медицина қызметкерлері

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 529.71  course down  545.33  course down  5.17  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer