Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 декабря 2020 15:20

"Телефонды басыңа кигіземін". Желіде видеосы тараған кондуктор жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қоғамдық көлікте маскасыз тұрған кондуктордың видеосы тарады. Қоғамдық көлік қызметкері осы видеодан кейін жұмыстан шығарылған. Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Шымкенттегі №152 автобуста түсірілген. Видео авторы кондуктордан неге маска тақпағанын сұрайды. Бұған кондуктор дөрекі жауап беріп, былапыт сөздер айтады.

Ержан Жолдасовтың сөзінше, өңірлік Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл оқиғадан кейін тексеріс жүргізген.

"Желіде №152 автобус түсірілген видео тексерілді. Бұл автобус "Шымкент Парк" компаниясына қарайды. Бұл оқиғадан кейін кондуктор жұмыстан шығарылды, ал автобус жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта тағы да қайталанса, жүргізуші де жұмыстан шығарылады. Сонымен қатар, барлық жүргізуші мен кондукторға қызмет көрсету мәдениетін сақтау туралы нұсқама өткізу туралы талап қойылды", - деді басқарма басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети