ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 мая 2020 | 13:38

Тоқаев әлемде 400 миллионнан аса кәсіпорын банкрот болудың алдында тұрғанын айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі карантин режиміне қатысты мәлімдесінің мәтіні жарияланды. Онда Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы "ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін" екенін жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі карантин режиміне қатысты мәлімдесінің мәтіні жарияланды. Онда Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы "ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін" екенін жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, COVID-19 пандемиясы салдарынан экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр.

"Жер-жерде протекционизмнің күшеюі белең алуда. Экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр. 400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр. Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр", - деп жазылған Тоқаевтың мәлімдемесінде.

Президент "бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас" екенін жеткізді.

"Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын  айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас. Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз", - деп жазылған Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бүгін бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі екі айдан аса уақыт болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты елімізде ТЖ режимін алғаш 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізген болатын

Содан соң 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі жарияланды. Ал бірнеше күннен соң Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарында да карантин енгізілді. 3 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзартылды.

Кейін ел Президенті төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Тек 21 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетілді.

Ал 27 сәуірде Президент ТЖ режимі және карантин режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді. 

Кеше Ақорданың ресми өкілі Берік Уәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, мәлімдеме жасайтынын хабарлаған болатын. 

Сонымен, 2020 жылғы 11 мамыр сағат 00:00де Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылды, алайда карантин режимі сақталады.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны 5138-ге жетті. 1941 адам аурадан айықты, 31 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer