ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 марта 2020 | 13:22

Тоқаев бір жылда қандай маңызды шешімдер қабылдады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

2019 жылдың 19 наурызы - тарихтағы айтулы күндердің бірі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Елбасы отставкаға кеткеннен кейін өкілеттігі сол кездегі Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. Келесі күні, 20 наурызда Тоқаев ант қабылдады. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының бір жылда қабылдаған маңызды шешімдеріне шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылдың 19 наурызы - тарихтағы айтулы күндердің бірі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Елбасы отставкаға кеткеннен кейін өкілеттігі сол кездегі Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. Келесі күні, 20 наурызда Тоқаев ант қабылдады. Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының бір жылда қабылдаған маңызды шешімдеріне шолу жасады. 

Сайлау

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін және оның адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымына кіріскеннен кейін 2019 жылдың 9 сәуірінде кезектен тыс сайлау өтетіні туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалғанын мәлімдеді. 

Сайлауға барлығы 7 кандидат қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз жинап, жеңіп шыққан болатын. 

Арыс оқиғасы

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласының әскери қоймасында бірнеше жарылыс болып, төтенше жағдай жарияланған еді. 25 маусымда Президент Түркістан облысына арнайы ұшып барып, Арыс тұрғындарымен кездесті. 


© akorda.kz

"Барлығы жақсы болады, шыдай тұрыңыздар. Бұл төтенше жағдай, апат. Үкімет ақша бөледі. Көмектеседі, уайымдамаңыздар. Жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Мен арнайы келдім", - деді Президент тұрғындарға. 

Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сөйтіп, жарылыстан зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмысы басталып, 22 шілденің өзінде Арыс қаласының 1875 үйінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 

Несие қарыздарын кешіру бойынша шешім

2019 жылдың 26 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Ол бұл әлеуметтік мәселенің қозғалу себебі - Президенттің атына кепілсіз тұтыну несиелерін төлеуге қатысты азаматтардан келіп түскен көптеген өтініш екенін айтты.

255 мың адам. Тоқаев несие бойынша қарыздарды кешіру жайлы

Яғни, көмек түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отырған 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетілді. Президенттің шешімімен несие алушылардың шамамен 300 мың теңге қарызы және оған есептелген сыйақы өтелді. Бұл тұрғындардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізді.

Мұғалімдердің жалақысын көтеру

Былтыр 16 тамызда болған Тамыз конференциясында Президент мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды. 

"Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын", - деп тапсырды Президент.

Соңғы 10 жылда мұғалімнің жалақысы қалай өсті?

Шәкіртақыны өсіру

2019 жылы 10 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырған болатын.

"Бүгінде өзекті мәселелердің бірі ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру екенін біледім. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы өскен жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсіруді тапсырамын", - деген еді Тоқаев.

Шәкіртақыны көтеруге шамамен 18 миллиард теңге бөлінді.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қалай өсті?

Шағын және орта бизнесті қолдау

Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды. Мораторий 2020 жылдың басынан күшіне енді. Сондай-ақ, жаңа ашылған бизнес нысандарды 3 жылға дейін салық төлеуден босату туралы заң жобасы әзірленді. 

"Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен, ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді", - деді Президент Жолдауында. 

Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай

11 наурызда Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялады. Артынша 13 наурызда Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Қазақстан билігі бұл оқиғаларға жедел әрекет етіп, Тоқаев 15 наурызда Төтенше жағдай жариялады. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін", - деді Президент қабылданған қаулыда. 
  

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіп сақталып, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұруын тапсырды. 

Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Екі қаладағы карантин күшіне енді. Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer