Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 января 2021 15:42

Тоқаев мереке кезіндегі отандық телеарналарға ризашылығын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл кезінде мерекелік атмосфера қалыптастырған отандық телеарналарға баға берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл кезінде мерекелік атмосфера қалыптастырған отандық телеарналарға баға берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жыл табалдырықтан аттады. Барша отандастарымыз Жаңа жылды қазіргі жағдайға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өз шаңырақтарында қарсы алды. Бұрынғыдай үй-үйге қонаққа барып, қаланы аралап, алаңға жиналып, мерекелік көңіл-күйдің жоғары нотасын ұстап жүретіндей емес. Осындай кезде отандық телеарналар халыққа уақытты тиімді өткізудің жолын ұсынып, мерекелік бағдарламалар жасады. Барлық бағдарламалардың басынан соңына дейін ән мен әзіл, танымдық ақпарат қатар өріліп, жұртқа жаңажылдық көңіл-күй сыйлай алды", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында. 

Ол Мемлекет басшысы отандық телеарналарға көңілі толып, ризашылығын білдіргенін айтты. 

"Отандық эстрада жұлдыздары осынау қиын кезде экранның арғы бетінен халықтың көңілін көтеріп, ақжарма тілектерін әуезді әуенмен жеткізді. Нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастыра алды. Бір бағдарламаның артында тұтас ұжымның үлкен еңбегі жатқанын білеміз. Еңбек ақталды, бағдарламалар көрермен көңілінен шықты деп сенеміз. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, көңілі толып, ризашылығын білдіріп жатқанын айтқым келеді", - деді Президент баспасөз хатшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "жаңа жылдың бірінші күнінде" түскен суретін жариялаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети