Все о китайских авто

Тоқаев Наурызды жаңаша атап өту туралы ойын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды жаңаша атап өту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бұл туралы Президент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды жаңаша атап өту туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бұл туралы Президент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты. 

елдегі көрікті жерлердің жыл өткен сайын жұтаңданып бара жатқанына алаңдап, "Таза табиғат" жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Экологиялық бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы шарт екенін жеткізді. Осы ретте Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап өту туралы ойымен бөлісті.

"Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл - ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы", - деді Президент.    

30 жылдық белестің мәнін халыққа түсіндіру, ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізу де маңызды бағыттың бірі. Тәуелсіздік мерекесінің тұжырымдамасы "Жасампаздыққа толы жылдар" деп аталады. Сондықтан жасампаздық идеясы кеңінен дәріптелуі қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелеу барысында Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміздің тарихи рөлі ерекше аталып, Елбасы саясатының сабақтастығы барлық іс-шаралардың идеологиялық өзегі болуы шарт екенін атап көрсетті.         

"Тәуелсіздікті атап өткенде тәлімдік, тәрбиелік мәні бар ақпаратты ұсынып, жұртты тартатын жаңа стильді, жаңа форматты көбірек енгізу қажет. Әр жерде өткізілген іс-шаралар туралы құрғақ есептің қажеті жоқ. Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақалалардан еш қайыр болмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 31
Актау 26
Актобе 26
Атырау 27
Б
Балхаш 35
Ж
Жезказган 30
К
Караганда 33
Кокшетау 27
Костанай 41
Кызылорда 31
П
Павлодар 31
Петропавловск 31
С
Семей 33
Т
Талдыкорган 34
Тараз 39
Туркестан 25
У
Уральск 29
Усть-Каменогорск 37
Ш
Шымкент 30

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer