ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

"Төрт ауысыммен оқиды, екі шақырым жаяу жүреді". Қошмамбеттің оқушылары азаппен білім алып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Төрт ауысыммен оқиды, екі шақырым жаяу жүреді". Қошмамбеттің оқушылары азаппен білім алып жүр Жақсылық Зинешев/Massaget

Карасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылындағы 600 балаға арналған білім ордасында 2526 бала білім алып жатыр. Оқушылардың көптігі соншалық - тіпті балалар 4 ауысыммен оқиды. Бұл білім ордасында ауыл балаларынан бөлек МТФ-2 елдімекенінен 812 бала 2 автобуспен қатынап жатыр. Алайда тасымалдауға мұқтаж оқушы мұнымен бітпейді. Сол ауылдың мектебінен 2 шақырым қашықта орналасқан Ақтас, Қостерек деп аталатын жаңа құрылыс аумағынан 500-ге тарта бала қатынап білім алады. Ата-аналар айына әр балаға 8000 теңге төлеп, такси жалдап, осы мектепке тасып, оқытып жатыр. 7 адамдық көлікке 25-30 бала мінгесіп баратын көрінеді. Тұрғындардың сөзінше, жол нашар болуына байланысты ауа райының қолайсыз уақытарында балалары мектепке бармайтын сәттер жиі болады. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып, мәселені егжей-тегжейлі зерттеп қайтты.


"Бала басына 8000 теңге төлейміз"

Қошмамбеттегі халықтың мектеп басшылығынан автобус сұрап жүргеніне бір жылдан асты. Алайда мектеп пен үйдің арасындағы қашық 3 шақырымнан аспағандықтан, тасымалдау қызметі қарастырылмай келеді. Бірақ тұрғындар жолдың нашарлығы ескерілмейтінін айтып отыр.

"Тасымалдаушы автобус қою үшін мектептен арақашықтық 3 шақырым болуы керек дейді. Бірақ жолдың сиқы мынау. Баламыз батпақта мектепке бара алмайды. Ай сайын әр балаға 8000 теңгеден төлеп такси жалдап қойдық. 7 адамдық көлікке 25-30 баланы тиеп алады. Амал жоқ мінгіземіз. Қазір ештеңе емес, батпақта қалың киімдерімен қалай барады? Менің мектепте 4 балам оқиды. Жұмыссыз үйде отырған анаға өте қиын", - дейді ауыл тұрғыны Анура Елубаева.

Жақсылық Зинешев/Massaget

Материалдың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также

Курс валют

 468.27   534.16   6.13 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +18
Астана +17
Актау +22
Актобе +23
Атырау +24
Б
Балхаш +22
Ж
Жезказган +16
К
Караганда +20
Кокшетау +21
Костанай +26
Кызылорда +22
П
Павлодар +22
Петропавловск +16
С
Семей +18
Т
Талдыкорган +21
Тараз +28
Туркестан +19
У
Уральск +12
Усть-Каменогорск +26
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Реклама
Социальные сети