Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 августа 2020 16:45

Той жасағандар жауапқа тартылады - ДСМ әншілер туралы

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vulcanestimd.com Фото: vulcanestimd.com

Пандемия кезінде той жасағандар жауапқа тартылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Пандемия кезінде той жасағандар жауапқа тартылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі карантин кезінде той жасаған әнші Роза Рымбаеваның ұлын жауапқа тарта ма? Бұл сұрақ той жасаған әнші Төреғали Төреәлінің туысына да қатысты", - деді журналист ресми өкілге.

Бағдат Қожахметов бұл мәселе министрдің жеке бақылауында екенін жеткізді.

"Бұл мәселе денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Бүгін таңертең екеуміз бұл мәселені талқыладық. Ол менің көзімше Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге хабарласты. Қазіргі таңда олар Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бұл мәселені анықтап жатыр. Яғни тойдың қашан және қайда болғаны, кімдер қатысқаны анықталып жатыр. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі бойынша жауапқа тарту үшін той карантин кезінде болды ма, олар қандай санитариялық нормаларды бұзды деген сұрақтарға жауап табу керек", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Роза Рымбаеваның ұлы мен Төреғали Төреәлінің туысы той жасағаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети