Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 февраля 2020 11:50

Трамп, Месси, Обама. Қазақстандық министрлер әлеуметтік желіде кімдерді оқиды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейін Tengrinews.kz порталында Қазақстандағы қала әкімдерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына шолу жасалған материал шыққан еді. Енді портал тілшісі министрлердің желідегі белсенділігін шолып шықты. Бүгінде үкіметтегі 17 министрдің 10-ы әлеуметтік желіде бар. Қалған жетеуін таба алмадық.


Бұған дейін Tengrinews.kz порталында Қазақстандағы қала әкімдерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына шолу жасалған материал шыққан еді. Енді портал тілшісі министрлердің желідегі белсенділігін шолып шықты. Бүгінде үкіметтегі 17 министрдің 10-ы әлеуметтік желіде бар. Қалған жетеуін таба алмадық.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев


© Тұрар Қазанғапов

2018 жылдың 7 тамызынан бері қорғаныс министрі қызметін атқарып келе жатқан Нұрлан Ермекбаевтың парақшасын Facebook желісінен таптық. Парақшасында суреттер жеткілікті, оқыған жері, қызметі секілді қысқаша ақпараттардың бәрі толтырылған.

Бірақ министр желіде белсенді емес екен. Ермекбаевтың парақшасын ақтарып отырсаңыз, тек құттықтауларға кезігесіз. Биылға салынған посттар - басқа біреулердің министрді туған күнімен құттықтауы.

Ермекбаевтың соңғы жазбалары ол министр болмай тұрған кезде жазылған екен. Ең соңғы посты 2018 жылдың 4 сәуірінде деп белгіленген. Сондай-ақ сол жазбаларының бәрі орыс тілінде ғана.

Қорғаныс министрі Facebook-парақшасындағы достарының санын жасырып қойған. Сондықтан "достығында" кімдер бар екенін біле алмадық. Ал оған жазылған адамдардың саны - 1753.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов


© Тұрар Қазанғапов 

25 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігін басқарып отырғанына үш жыл болған Елжан Біртанов Facebook пен Instagram желілеріне тіркелген. 

Біртановтың Facebook-парақшасында ақпарат жоқтың қасы. Қысқаша ақпараттар бөлімінде Нұр-Сұлтанда тұрып жатқаны ғана көрсетілген. Біртанов мұнда өзі басқаратын министрлікке қатысты жаңалықтарды бөлісіп отырады. Соңғы жазбаларының бәрі - Қытайда тараған коронавирусқа қатысты. Көбіне посттарын орыс тілінде жариялайды. 

Біртановтың Facebook-тегі достары ішінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев бар. 

Министр Instagram желісіне де тіркелгенімен, мұнда белсенді емес. Парақшасына әлі ешқандай жазба жарияламаған. Біржанов Instagram-да екі парақшаға ғана жазылған: Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Нұр-Сұлтан жаңалықтары. 

Біртановтың Facebook-парақшасында 5 мың досы бар, тағы 15400 адам жазылған. Ал Instagram-парақшасында 1144 фолловер бар. 

Әділет министрі Марат Бекетаев


© Тұрар Қазанғапов

Ал Марат Бекетаевтың Әділет министрлігін басқарып отырғанына биыл 4 жыл. Министрді интернеттен іздесеңіз, Instagram желісінен табасыз. Өзі жазғандай, "Әділет министрлігінің жұмысына арналған ресми жеке парақшасын" былтыр 16 сәуірде ашқан.

Қызметтік кездесулерден бөлек министр ағаш отырғызған, марафон жүгірген, қар күреген сәттерінің видеосын жариялаған. Одан бөлек, Бекетаев та Абайдың175 жылдығына орай басталған ұлы ақынның шығармаларынан үзінді оқу челленджіне қатысқан. Бүгінге дейін министр 53 пост жариялаған.

Марат Бекетаев Instagram желісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, оның көмекшісі Аида Балаева, Бақытжан Сағынтаев, Алтай Көлгінов, Архимед Мұхамбетов, Бауыржан Байбек секілді лауазымды тұлғаларға жазылған.

Ал министрдің парақшасын 1406 адам бақылап отырады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов


© Тұрар Қазанғапов

2019 жылдың 13 маусымынан бері Білім және ғылым министрлігін басқарып келе жатқан Асхат Аймағамбетов Facebook және Instagram желісіне тіркелген.

Министр желіде белсенді. Facebook-парақшасын 2009 жылы қаңтарда ашқан. Қысқаша ақпараттар бөлімінде оқыған орындары, туған жері көрсетілген. Парақшасында түрлі ақпараттық агенттіктердің материалдарын бөлісіп отырады. Түрлі құттықтаулар мен министрлікке қатысты ақпараттар жарияланып тұрады. Бәрі де - екі тілде.

Instagram желісіне де Аймағамбетов министр болмай тұрып тіркелген. Посттарының бәрі өзі басқаратын ведомствоға қатысты. Арасында отбасылық демалыстан суреттер жариялап тұрады.

Асхат Аймағамбетов Instagram желісінде 15 адамға жазылған. Олардың ішінде вайнер Мейіржан Төребаев, саясаттанушы Досым Сәтпаев, футболшы Лионель Месси бар.

Министр Facebook-парақшасындағы достарының санын жасырып тастаған. Ал оған жазылушылар - 10854 адам. Instagram-парақшасында 5 299 фолловер бар.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов


Фото: Тұрар Қазанғапов 

Руслан Дәленов былтырғы 25 ақпаннан бері Ұлттық экономика министрлігін басқарып келеді. Ол - Twitter желісін пайдаланатын аз министрдің бірі. Парақшасын 2011 жылы сәуірде ашқан.

Министр соңғы твитін былтыр 27 қазанда жариялаған. Парақшасын қарасаңыз, көбіне видеолар көзге түседі. Мысалы, алаңда жаттығып жатқан жұмысшылар, зымыранның ұшуы, түрлі технологияның видеосы. Одан бөлек тарихи орындар, табиғат бейнеленген твиттер де бар.

Руслан Дәленов Twitter желісінде оқитындардың ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, АҚШ президенті Дональд Трамп, ресейлік актер Сергей Безруков, АҚШ экс-президенті Барак Обама бар.

Ұлттық экономика министрінің 12,3 оқырманы бар.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети