Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 октября 2020 10:53

Цой қазақстандықтардың коронавирус жұқтыру қаупінің артқанын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус инфекциясының жаппай таралуы маусым-шілде айында болса, талдау жасап, шамамен үш айдан кейін - қараша-желтоқсанда ауруды ауыр өткерген науқастардың да антиденесі бәсеңдейді. Сондықтан коронавирус жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирус инфекциясының жаппай таралуы маусым-шілде айында болса, талдау жасап, шамамен үш айдан кейін - қараша-желтоқсанда ауруды ауыр өткерген науқастардың да антиденесі бәсеңдейді. Сондықтан коронавирус жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продолжение

"Бүгінде тұрғындарды мазалайтын маңызды мәселелердің бірі - ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының позициясын атап өткім келеді. Бас директор Тедрос Гебрейесус вирустың адамдар арасында еркін циркулясынан емес, жаппай вакцина негізінде тұрғындардың көп бөлігінде иммунитет болса, аурудың таралуы тоқтайтынын айтты. Осылайша вакцина басқаратын иммунитет инфекцияны жоя алады. Вакцина әзірленгенге дейін карантин шараларын орындау керек", - деді Цой ОКҚ онлайн-брифингте.

Министр ғалымдардың пікірін негізге ала отырып, вирус жұқтырған соң жазылған адамның 3-5 айдан кейін коронавирусқа қарсы антиденесінің жойылатынын атап өтті.

"Ғалымдардың айтуынша, симптомсыз ауырып шыққан адамдарда бір ай бойы антидене болады. Орта немесе ауыр дәрежеде ауырған науқастардың иммунитетінде 3-5 ай антидене сақталады. Қазақстанда коронавирус инфекциясының жаппай таралуы маусым-шілде айында болса, талдау жасап, шамамен үш айдан кейін - қараша-желтоқсанда ауруды ауыр өткерген науқастардың да антиденесі бәсеңдейді. Сондықтан коронавирус инфекциясын жұқтырудың қаупі жоғары. Қазір әлемде қайта жұқтыру жағдайлары көп, Қазақстанда жоқ. Бірақ қауіп әрқашан бар", - деді ол.

Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 108 984-ке жетті. 104 346 науқас жазылды, 1 768 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети