ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
02 августа 2023 | 06:31

"Түнімен жылап, ұйықтамаймыз". Алматыда тұрғындар зауыттан шығатын сасық иіске тұншығып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Алматының бір топ тұрғындары үйлерінің дәл іргесіндегі зауыттан шығатын иістен тұншығып, түнде ұйқыдан айрылып, үйлерінде тұру мүмкін болмай кеткенін айтып отыр. Сөздерінше қоламса иіс қолқаны қауып қана қоймай, балаларының үстіне аллергиялық жаралар да толып кеткен. Зауыттың алдына жиналған жұрт өндіріс орнының жабылуын талап етті. "Бізге таза ауа керек" деген ағайынның талап-тілегін Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Түнгі сағат үштерде қатты иіс шығады. Балаларымыз сасық иістен дем ала алмай түнімен жылап, ұйықтамаймыз. Иістің өткірлігі соншалық ұйықтау мүмкін емес. Себебі түнде зауыт қалдықтарын сол жаққа апарып төгеді. Екі балам үстіне аллергия шығып кетті. Күн өткен сайын демалу тіптен қиындап барады. Мына түрімізбен көп ұзамай өкпе рагіне ұшыраймыз ба деп қорқамыз", - дейді "Асыл арман" тұрғын үй кешенінінің тұрғыны Кашмира Абдирханова.

Қолдарына түрлі "постер" ұстаған тұрғындар зауыттың жабылуын талап етіп айқайға басты.

Кейбіреуі "әкім қайда қарап отыр?" деп әкімдік өкілдерінің бұқараның базынасына назар аударуын талап етті.

Ал халық жиналған аумаққа әкімдіктен бұрын полиция қызметкерлері топтасып алды. Артынша өндіріс орнының өкілдері мен Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары келді. "KZ RECYCLING" ЖШС заңгері Әлібек Жұмадоллаев қалдықтар төгілетін аумаққа зауыттан бөлек "Абай" ауылының тұрғындары, "Асыл арман" тұрғын үй кешені, оған қоса сол аумақтағы мемлекеттік нысандардың барлығы қалдықтарын шығаратынын айтты. "Зауыттан қалдық шығарылатын аймаққа экологиялық рұқсат қағазымыз бар" деген заңгер Алматы әкімдігімен зауытты көшіру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 484.52   529.45   5.04 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети