Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 июля 2020 17:48

Түркістан облысында COVID-19 жұқтырған 5 дәрігер пневмониядан қайтыс болды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Түркістан облысында 132 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Түркістан облысында 132 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өңір басшысының айтуынша, облыс бойынша 132 медицина қызметкері індетке шалдыққан және оның 24-і емделіп шыққан. Ал 5 дәрігер пневмониядан қайтыс болған.

"Жалпы біздің облыста 17 мыңнан астам денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді, дәрігерлер, медбикелер. Олар енді қазіргі жұмысы өте қауіпті, күрделі. Әрине, олар ешқандай уақытпен, өзінің жеке қауіпсіздік шараларымен санаспай, осы індетке қарсы жұмыс істеп жатыр. Оған біз алғысымызды айтамыз бүкіл елдің атынан... Оның ішінде жұқтырып алып жатқан дәрігерлер де бар. Жалпы облыс бойынша 132 медицина қызметкері індетке шалдықты. Оның 24-і емделіп шықты. Өкінішке орай, 5 дәрігер пневмония дертінен көз жұмды. Сондай статистика", - деді облыс әкімі онлайн-брифингте.

Еске салайық, Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 2079-ға жетті. 795 науқас аурудан айықты, 11 адам көз жұмды.

Ал елімізде 53 021 адам коронавирус жұқтырды. 35 137 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети