Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 февраля 2019 13:11

Түркістан облысында мал базарында аю сатылған

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мал базарда "аю сатылып жатыр" деген мәлімет тарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мал базарда "аю сатылып жатыр" деген мәлімет тарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері растады. 

"2019 жылы 3 ақпанда шамамен сағат 11:00 де Түркістан облысы Сайрам АІІБ "102" кезекші пультіне азамат Б.Д. хабарласып, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан жаңа мал базарының аумағында аю жануарының темір тор ішінде тұрғанын хабарлады. Осы хабарлама бойынша сол күні Сайрам АІІБ табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында жоғарыда аталған мал базарында көлемі 2х3 темір тордың ішінде бір дана ақшыл-қоңыр түсті жабайы аюдың тұрғаны анықталды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы дерек Түркістан облысы полиция департаментінің Сайрам ауданының ІІБ-де ҚР ҚК-нің 339-бабына ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") сәйкес бірыңғай реестрге тіркелгені хабарланып отыр.

Ал облыстық полиция департаментінің өкілдері тергеу барысында болған жайттың мән-жайы анықталатынын және бүгінде аюдың Шымкенттегі зообаққа орналастырылғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети