Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 апреля 2020 10:29

"Уайымдамаңыздар". Министр үй-үйді аралап тексеріс жасалмайтынын мәлімдеді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төленетін "42 500 теңгені" заңға сәйкес алғандарды ешкім тексермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төленетін "42 500 теңгені" заңға сәйкес алғандарды ешкім тексермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министр ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

"Өтініш бергенде, мен ылғи айтушы едім: "Иә, біз табысымыздан төтенше жағдайға қатысты айырылдық" деген жазба бар. Сондықтан оны хабарландыру түрінде қабылдап, біз ол өтінішке сеніп, төледік. Бірақ тәртіп болуы керек. Егер де заңда, біздің түсіндірмеде айтылған болса, тек ақысыз демалысқа кеткен кезде төленеді десек, бұл тәртіпті сақтау керек. Сондықтан, тағы да айтамын, жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлік, ресми не бейресми болсын, өз бетінше жұмыспен айналысып жүргендер, ол жөнінде ешқандай проблема жоқ. Уайымдамаңыздар. Ешқандай ақшаны қайтару немесе бізді тергейді екен, тексереді екен деген болмасын. Жеке тұлғаларды ешкім тексермейді", - деді ол.

Сонымен қатар, министр неліктен тексеру жүргізілетінін және қандай жағдайда "42 500 теңгені" қайтару талап етілетінін түсіндірді.

"Ал, мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұр, тұрақты жалақы алып жүргендер (тапсырса - авт.), бұл заңбұзушылыққа әкеп соғады. Ол - дұрыс емес. Бұл мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп жатыр. Бұл қор "42 500 теңгеден" басқа мүгедек адамдарға, асыраушысынан айырылған жанұяларға, жұмысынан айырылған адамдарға, баланың бір жылға дейінгі күтіміне байланысты төлемдер, декретный дейміз, 126 күнге жүкті болуына, кейін босануына қатысты төлеп келе жатыр. Сондықтан сол қаражатқа жауапты болған соң, бұйрығы жоқ, ақысыз демалысқа жібермегендерге олар әрине, сұрау жасайды да, кейін оны қайтаруды талап етеді", - деп түсіндірді министр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде COVID-19 вирусы жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Кейін 1 мамырға дейін ұзартты. Қазір елдегі бірнеше қалада карантин енгізілді. Осыған байланысты індетпен күрес үшін құрылған арнайы мемлекеттік комиссия жұмыссыз қалған және бұған дейін жұмыссыз болып келген азаматтар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлемақы тағайындады. 

Коронавирус жұқтырғандар саны 1735-ке жетті. 401 адам сауықты, 19 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети