ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 июля 2020 | 10:23

Үкімет басшысы 42 500 теңгені нақты кімдер алатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті нақты кімдер алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті нақты кімдер алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралы кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді ол үкімет отырысында.

Асқар Мамин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырма берді.

"Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл - 1 миллионнан астам адам", - деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар, үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі мектептерде қашықтан оқытуға кеңес берді, ал білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты.

Сондай-ақ, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі елдегі цифрлық сауат деңгейі 82,1 пайыз екенін жеткізді.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети