Үкіметте дағдарыс туралы сөз қозғалды. Министр халықтың жағдайы қалай түзелетінін айтты

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов теңгенің құлдырауына қарамастан қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдер уақытында берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов теңгенің құлдырауына қарамастан қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдер уақытында берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, үкімет тарапынан халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттеме толық көлемде орындалады.

"Мемлекеттік бюджетте 2020 жылы 4 миллионнан астам әлеуметтік төлем алушыға 3 триллион 377 миллиард теңге қарастырылған. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың сатып алу қабілетін сақтау мақсатында жыл басынан инфляция деңгейін ескере отырып, барлық әлеуметтік төлем 5 пайызға арттырылған еді. Оның ішінде зейнетақы 7 пайызға, яғни инфляциядан 2 пайызға артты", - деді ол үкімет отырысында.

Біржан Нұрымбетов сырқы нарықта қалыптасқан жағдайдың ескерілгенін атап өтті.

"Халық үшін мүмкін салдарды жеңілдету мақсатында барлық әлеуметтік төлемнің мөлшері қажет жағдайда инфляция деңгейімен сәйкестендірілді. Халықты жұмыспен қамту бойынша барлық шара қолданылады. Оның ішінде мемлекеттік "Еңбек" бағдарламасының мүмкіндігі толық пайдаланылады. Осы жылы 735 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бағдарламада дағдарысқа ден қою бойынша қажет шаралар көзделген. Осы шараларға жергілікті және республикалық бюджеттен 323 миллиард теңге жоспарланып отыр", - деді министр.

Ведомство басшысы аталған бағдарлама аясында жұмыссыздарды қайта оқыту, жеңілдетілген несиелер беру, микро бизнесті дамыту үшін гранттар беру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар бағасы күрт қымбаттады. Кеше ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382,05 теңге болды. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 20
Актау 30
Актобе 27
Атырау 35
Б
Балхаш 29
Ж
Жезказган 21
К
Караганда 19
Кокшетау 20
Костанай 34
Кызылорда 21
П
Павлодар 18
Петропавловск 24
С
Семей 33
Т
Талдыкорган 36
Тараз 40
Туркестан 28
У
Уральск 24
Усть-Каменогорск 39
Ш
Шымкент 34

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer