Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 января 2022 09:30

Үкіметте Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылданған. 

"Сұйытылған газ бағасын уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді. Литрі үшін 50-75 теңге аралығында баға енгізілді. Энергетика министрлігінде екі бұйрық бекітілді. Біріншісі - 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру, екіншісі - бәсекелестікті қорғау агенттігі бекіткен бөлшек саудадағы шекті бағаларға сәйкес келтіру үшін сұйытылған газ шекті көтерме бағасын төмендету", - деді министр.

Министр таныстырған баяндама бойынша Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды. Оның ішінде: 

Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында - 50 теңгеден;

Шымкент, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қызылорда және Түркістан облыстарында - 60 теңгеден;

Алматыда - 65 теңгеден;

Нұр-Сұлтан қаласында, СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында - 70 теңгеден.

Еске салайық, Қазақстанда газ қымбаттауына байланысты жыл басынан бері митингтер болды. Жаңаөзеннен басталған митинг елдің басқа қалаларында жалғасты. Ал 5 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Газ бағасы 50 теңге болып белгіленді. Ал кейінірек Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының директоры ұсталғаны хабарланды. Ал кеше, 11 қаңтарда энергетика министрі қызметінде 4 ай болған Мағзұм Мырзағалиев Мемлекет басшысына алғыс айтып, жаңа министрге сәттілік тілеген еді.

Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети