Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 июня 2019 17:26

Ұлты қазақтарға арнайы ереже бар. Тегін ауыстырғысы келетіндер нені білуі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Таяуда ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәліметі бойынша, елімізде 25 Джон, 23 Арья және 3 Дейнерис есімді тұрғын барын, сондай-ақ, Бран есімді екі адам бары хабарланған. Соңғы кезде қазақстандықтар жаңа туған балаға ерекше есім беру додасына қатысып жатқандай. Әсіресе соңғы оқиғаларға қатысты қойылып жатқан есімдердің қатарында Бәйдібэкспо, Дейнерис, Нұрпрезидент, Мәжіліс, Партия сияқты қайталанбастары да бар. Оның ішінде бәрін сәтті деуге де болмас. Сондықтан Tengrinews.kz тілшісі аты-жөнін ауыстырғысы келетіндерге пайдалы ақпараттарды жинады. 


Таяуда ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәліметі бойынша, елімізде 25 Джон, 23 Арья және 3 Дейнерис есімді тұрғын барын, сондай-ақ, Бран есімді екі адам бары хабарланған. Соңғы кезде қазақстандықтар жаңа туған балаға ерекше есім беру додасына қатысып жатқандай. Әсіресе соңғы оқиғаларға қатысты қойылып жатқан есімдердің қатарында Бәйдібэкспо, Дейнерис, Нұрпрезидент, Мәжіліс, Партия сияқты қайталанбастары да бар. Оның ішінде бәрін сәтті деуге де болмас. Сондықтан Tengrinews.kz тілшісі аты-жөнін ауыстырғысы келетіндерге пайдалы ақпараттарды жинады. 

Тегін ауыстырғысы келетіндер алдымен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацясы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеу органына өтініш жазуы тиіс. 

Өтініште қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

Әділет министрлігінің сайтындағы мәлімет бойынша, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 259-бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер болуы керек:

1) өтініш берушінің аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) таңдаған аты, әкесінің аты, тегі;
3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.

Өтінішке мынадай құжаттардың біреуі қоса тіркеледі:

  • туу туралы куәлік (жеке басын куәландыратын құжатты алғашқы рет алған кезде);
    ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауына байланысты жеке куәлікті алған кезде);
  • мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады).

Кімдер есімін ауыстыра алады?

ҚР-ның Азаматық кодексінің 15-бабының 4-тармағына сәйкес азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы.

Қазақстанның 16 жастан асқан кез келген азаматы есімін, фамилиясын және тегін ауыстыра алады.

Қанша күнде есіміңізді ауыстыра аласыз?

E-gov сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Жеке куәлікті және паспортты ауыстыру процессі 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күн, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күн, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күн мерзімінде.

Сондай-ақ, тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағдайда, паспорттар мен жеке куәліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсынылған туу туралы куәліктерге сәйкес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады.

Тегін ауыстыруға негіз болуы шарт

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" заңның 257-бабы бойынша, тегін ауыстыруға мынадай негіздер болуы шарт:

1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі.

Баланың есімі мен тегін өзгерткенде ескеретін жағдайлар

Сондай-ақ, бұл негіздерге ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі мен өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келуі жатады екен. Елімізде тегін ауыстыруға негіз болатын тағы бір жағдай - жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі.

Ұлты қазақтарға арнайы ереже бар

"Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына сәйкес, ұлты қазақ адамдар қалайтын тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсетіп, еркін нысандағы өтінішпен жүгіне алады.

Бұл ретте, тектерінде қазақ тіліне жат "-ов, -ова", "-ев, ева", "-ин, -ина" жұрнақтар алып тасталып, тегі мен әкесінің атының түбір негіздері сақталып, бір уақытта әкесінің атын жазғанда олардың орнына жынысына қарай "ұлы", "қызы" жалғаулары бірге қосылып жазылады.

Қандай құжаттарды ауыстыруға міндеттелесіз?

Аты-жөніңізді ауыстырған соң мына құжаттарды ауыстыруға міндеттісіз: жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, мекенжай мәліметтері, зейнетақы келісімшарты. Айтпақшы, аты-жөнін ауыстырған соң әрбір қазақстандық өз құжаттарын міндетті түрде ауыстыру керек, оған 30 күнтізбелік күн берілген. Ал кешігіп қалсаңыз, 5 АЕК көлемінде, яғни 12 625 теңге айыппұл арқалайсыз.

Мұнымен қатар, ҚР-ның Азаматық кодексінің 15-бабының 4-тармағына сәйкес, азаматтың есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды, сондықтан, ол өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттеледі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети