Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июня 2020 16:15

"Үстемақы қосылмады". Алматылық дәрігерлер қандай шағымдар айтып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Коронавирус пандемиясы кезінде алматылық дәрігерлер жағдай жасалмағанын айтып, жиі шағымданып жүр. Қаладағы аурухана қызметкерлері коронавирус жұқтырған, енді қорғаныс костюмдері жоғын айтып, дабыл қағып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі алматылық дәрігерлердің шағымдары туралы баяндайды.


Коронавирус пандемиясы кезінде алматылық дәрігерлер жағдай жасалмағанын айтып, жиі шағымданып жүр. Қаладағы аурухана қызметкерлері коронавирус жұқтырған, енді қорғаныс костюмдері жоғын айтып, дабыл қағып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі алматылық дәрігерлердің шағымдары туралы баяндайды.

"Вирус жұқтырғандарына өздері кінәлі"

Сәуірдің басында Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың 147 медициналық қызметкері коронавирус жұқтырған, мұның арты дауға айналды. Себебі қалалық бас санитар дәрігер Айзат Молдағасымова медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырғанына олардың өздері кінәлі екенін айтқан еді. Қалалық бас санитар дәрігердің бұл сөзі аурухана қызметкерлерінің шамына тиген.

Нәтижесінде вирус жұқтырған қызметкерлер Мемлекет басшысына хат жолдаған.

"Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының "себептердің бірі медициналық қызметкерлердің барлық сақтық шарасын сақтамауы" деген мәлімдемесі - жала жабу. COVID-19 қаупі және сақтық шараларын қабылдау қажет екені туралы медициналық қызметкерлерден артық кім біледі?", - делінген үндеуде.


Тоқаевқа жолданған хат 

Ауруханаға қызметкерлері өзін айыптаған Молдағасымованы сотқа берген, материал қазір Бас прокуратураның қарауында.

Осы оқиғадан соң Молдағасымова қызметінен кеткен болатын. Одан бөлек, Алматы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Алмаз Жувашев да қызметінен босаған.

Артынша мамырда аурухананың 10 қызметкері жұмыстан кеткен. Ал қалған медқызметкерлер маусымнан бастап жұмысқа қосылды.

"Үстемақы бөлінбеді"

Сәуірде Алматыдағы медициналық қызметкерлер тағы бір мәселе бойынша жанайқайын жеткізді. Жедел жәрдем қызметкерлері коронавируспен күреске қарастырылған үстемақыны алмадық деп шағымданған. Бұл мәселемен олар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жүгінген.

Медқызметкерлердің айтуынша, олар жедел жәрдем станциясында фельдшер және медбике болып жұмыс істейді. Олардың қызметіне 103 қоңырауын қабылдау және жедел жәрдем жіберу жатады. Олар, сонымен қатар, бригадаларға қорғаныс құралдарын киюге, капсуланың қауіпсіздігін бақылауға және машиналарды өңдеуге көмектеседі екен. Алайда олар коронавируспен күреске байланысты жалақысы өсетін медициналық қызметкерлер тізіміне енбеген.

Олардың айтуынша, барлық қорғаныс құралынан оларда тек бір рет қолданылатын қолғаптар, маскалар және антисептиктер бар екен. Медицина қызметкерлері тәулік бойы қарқынды режимде жұмыс істейтіндерін атап өтті.

"Бізге коронавируспен күресетіндерге бөлінген ақшадан бір теңге үстемақы қосылмады. Сонымен қатар, біз науқастарға баратын бригадалар секілді тәулік бойы жұмыс істейміз және қызметіміз COVID-19-бен күресуге тікелей қатысты. Фельдшерлер мен санитар қызметкерлер отбасын тастап, көрші ғимаратта тұрып жатыр", - деп қорытындылады медқызметкерлер.

Дәрігерлердің үндеуіне байланысты Tengrinews.kz редакциясы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен байланысқа шыққан. Ведомство басшысы Людмила Бюрабекова баспасөз мәслихатында дәрігерлердің үстемақы қарастырылған барлық үш санаты қызу талқыланғанын айтты.

"Үстемақы төлеуге баса назар коронавирус жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуге тікелей байланысы бар қызметкерлерге аударылды. Сондықтан, науқастармен байланыста болмайтын диспетчерлер ешқандай санатқа енбеді", - деді ол.

"Костюмді скотчтап киеміз"

Ал кеше Желіде қорғаныш құралдары жетіспейтінін айтып, шағымданған алматылық жедел-жәрдем қызметкерлерінің видеосы пайда болды.

Видео kris_p_almaty парақшасында жарияланған. Медицина қызметкерлері маскалар мен қорғаныш киімдері жетіспейтінін айтып, шағымданған.

"Бізде костюмдер жетіспейді. Не істейміз? Бұл ұят қой. Костюмдерді скотчтап киеміз. Жағдай жасалсын", - дейді әйел адам.

Тағы бір қызметкердің айтуынша, олар бір реттік масканы бірнеше рет тағуға мәжбүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Дефицит костюмов?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Видеоға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

"Жеке қорғаныш заттарының жетіспеуіне байланысты, ең алдымен жедел-жәрдем қызметкерлері қамтамасыз етіледі, себебі олар тікелей КВИ жұқтыру қаупі тобына жатады. Қорғаныш құралдары жеткілікті мөлшерде. 16 маусымдағы жағдай бойынша, жедел-жәрдем қызметінде 18 329 бір реттік маска мен 1371 қорғаныш костюмі, 432 респиратор, 266 494 медициналық маска мен 6081 қолғап бар", - дейді басқарма өкілдері.

Ведомство өкілдері видео медицина қызметкерлері қосымша еңбекақы төлеу мәселесін көтерген кезде түсірілгенін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети