Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 февраля 2021 13:48

Вакцина алғандар көбейген сайын оны салдыра алмайтындарды қорғай аламыз - дәрігер

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салғызуға денсаулығы мүлдем жарамайтын, яғни ауыр диагнозы бар адамдар бар. Соларды вирустан қорғау үшін, соларға жұқтырмау үшін денсаулығы жарайтын адамдар жаппай вакцина салғаны дұрыс. Сонда вирус жұғатын адам таба алмай қалады. Мұндай пікірді ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директорының орынбарасы Манар Смағұл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцина салдырғандар көбейсе, медициналық терминмен айтсақ, ұжымдық иммунитет болса, вирусты қоздырушылар жаңа біреуге жұқтыратын адам таба алмайды және вирустың белсенді циркуляциясын тоқтатады. Сондықтан вакцина салдыру арқылы вакцина салдыруға денсаулығы жарамайтын жақындарымызды, айналамыздағы адамдарды вирустан қорғаймыз. Вакцина салдырған адам көп болса, соншалықты вирустың таралуы азаяды. Сол себепті ұжымдық вакцинация жасалады. Сондықтан жаппай вакцина салудың маңызы зор", - деді Манар Смағұл ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина денсаулығы жарамайтын, қандай да медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға салынбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети