Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 мая 2021 11:09

Вакцина бала көтеруге көмектесе ме? Маман нақты жауабын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Әлеуметтік желі мен ақпарат көздерінде коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған әйелдердің бірден бала көтеріп жатқаны туралы мәлімет тарады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі вакцинаның жүкті болуға қандай әсері барын маманнан сұрады.


Әлеуметтік желі мен ақпарат көздерінде коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған әйелдердің бірден бала көтеріп жатқаны туралы мәлімет тарады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі вакцинаның жүкті болуға қандай әсері барын маманнан сұрады.

Қазақстан Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, "Экомед" адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың айтуынша, бұл - бар болғаны сәйкестік пен сәттілік.

"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған бір әйел 20 жыл бала көтере алмай жүріп, екпеден кейін көтерген шығар, бірақ соған сүйеніп, "вакцина бедеулікті емдейді" деген тұжырым жасауға болмайды. Вакцинаның емдік қасиеті жоқ, функциясы басқа, ол тек аурудан қорғау үшін және вирус жұққан жағдайда ауыр өтпеу үшін салынады. Сондықтан, 20 жыл бала көтере алмаған әйелдің оқиғасын сәйкестікке балаймын және "ондай әйелдердің барлығы бірдей жүкті болып жатыр" деген ақпараттың жалған екенін айтқым келеді. Біздің орталықта да 10-20 жыл бала көтере алмай жүрген әйелдер көп, олардың да арасында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар бар және одан бала көтере қойған жоқ, бұл ғылыми негізі жоқ ақпарат", - деді Байқошқарова.

Маман тәжірибеде болған бірнеше оқиғаны айтты.

"Жалпы, қазақ халқы тым сенгіш, бұған дейін вакцинадан кейін әйелдер бала көтере алмай, жатырға әсер етіп, ұрықтар азаяды екен, бедеулік пен белсіздік болады екен дегенді таратты, енді келіп вакцина салса бірден жүкті болады екен дегенді таратып жатыр, логикаға сыймайды. Бұл тұста тәжірибеде болған бірқатар қызық оқиғаны айтуға болады, мысалы, 20 жыл бала көтере алмаған бір әйел ЭКО-ға дайындалып жүріп, антибиотиктің жеңіл түрін қабылдап, бала көтерді. Ал, бұл оқиғаның ғылыми негізі бар, себебі антибиотик қабыну процесіне қарсы препарат болғандықтан сәл болса да оның бала көтеруге көмегі болуы мүмкін және мұндай сәттіліктер жиі кездесіп тұрады", - деді ол.

Сонымен қатар, Салтанат Байқошқарова сенімнің жүктілік үшін маңызды екенін, алайда ауруды емдеуге қатысты тарап жататын келеңсіз ақпараттарға сенуге болмайтынын айтты.

"Кейбір әйелдер жақсы сөз, жақсы батадан кейін де қатты сеніп, бала көтеріп кетіп жатады, сонда оған қарап жұрттың бәрін батамен емдейміз бе, әлде қартайғанша антибиотик береміз бе? Тағы бір мысал, тұрмысқа шыққанына 22 жыл болғанда бірінші рет жүкті болған әйел болды, егіз қыз босанды. Біз оларға Әулиеге бар, шөп іш, түс көресің демейміз ғой. Бұл дегеніңіз ғылымды бір шетке ысырып қойып, бірен-саран кездескен сәтті оқиғаға сену, біз мұны заңдылыққа айналдыра алмаймыз. Осыдан бір-екі жыл бұрын телеарналардың бірінен көрдім, онкологиялық ауруы бар адамдарды түйенің зәрімен емдеп жатты және соны халыққа көрсетті, сонда халықтың сауатсыздығын көріп, қатты налыдым", - деді маман.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.

Желіде "Спутник V" вакцинасын сынау кезінде қайтыс болғандар туралы фейк тарады

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 439.43   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети