Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 мая 2021 17:22

"Вакцинадан кейін қайтыс болды" делінген дәрігердің өлімі: тексеріс қорытындысы шықты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Алматыда вакцинадан қайтыс болды делінген медициналық қызметкерге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда вакцинадан қайтыс болды делінген медициналық қызметкерге қатысты тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Ажар Ғинияттың айтуынша, қайтыс болған әйелдің жүрегі ауырған және ол уақытылы тексерілмеген.

"Вакцинадан қайтыс болды делінген жағдайлардың алғашқысы Алматы облысында тіркелген болатын. Қайтыс болған әйел біздің әріптесіміз, қалалық перзентханада жұмыс істеген. Комиссия бұл оқиғаға қатысты тексеруді аяқтады. Оның созылмалы аурулары болған, жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған, бірақ тұрақты түрде тексерілмеген, тиісті дәрілерді қабылдамаған. Комиссия вакцина салудағы санитарлық нормалардың сақталуын да тексерді. Сот-медициналық тексерудің, комиссия шығарған нақты шешімнің нәтижесіне сәйкес, дәл сол вакцина ол адамда вирусемия туғызуы мүмкін емес. Ол адамда созылмалы ауру болған және сол аурудан қайтыс болған. Өлімнің вакцинаға қатысы анықталмады", - деді Ажар Ғиният.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда дәрігер вакцина салдырғаннан кейін екі күн өткенде үйінде құлап, қайтыс болғаны хабарланған. Ол кезде өлімнің себебі жүректің ишемиялық ауруы болуы мүмкін екені айтылған еді. 

"Вакцинадан кейін" қайтыс болды делінген дәрігердің өлімі: министрлік мән-жайды айтты

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети