Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июля 2021 17:13

Вакцинация паспортын қолдан жасағандар 4 жылға дейін сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жалған вакцинация паспортын жасағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Арыстанғани Заппаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Жалған вакцинация паспортын жасағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Арыстанғани Заппаров мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Оның айтуынша, қазір жалған ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану деректері бойынша жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды беру немесе қолдан жасау фактілері туралы ақпарат жинау бойынша ведомствоаралық арнайы жұмыс тобы құрылған.

"ІІМ және оның аумақтық бөлімшелерінде жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтау бойынша тұрақты мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мәселен, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған вакцинация паспорттарын немесе ПТР-анықтамаларды сату туралы 62 хабарландыру анықталды. Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға (АҚДМ) жіберілді. Сонымен қатар, жалған құжаттарды сатып алуға тырысып, алаяқтардың құрбанына айналуға болатынын атап өткен жөн", - деді Заппаров брифингте. 

Оның сөзінше, қазір полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеріп жатыр.

"Жыл басынан бері полиция органдары барлығы 86 қылмыстық іс қозғады, оның 39-ы вакцинация паспорттарын және 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасағаны үшін", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинация паспортын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырған болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети