Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 января 2024 07:40

"Вакуум" жаттығуы шынымен ішті кетіре ме? Маман жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Бәріміз денеміздің сау әрі әдемі болғанын қалаймыз. Алайда көпшілік адамның жаттығу залына баруға уақыты немесе мүмкіндігі болмайды. Бірақ әлеуметтік желіде блогерлер мен фитнес жаттықтырушылары көп уақыт пен күш кетпейтін "вакуум" жаттығуы жайлы жиі айтады. "Вакуум" жаттығуын жасау арқылы шынымен де ішті кетіруге бола ма? Оны кімдерге жасауға болмайды? Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне сексолог Айнұр Жұмамұратқызы жауап берді.

Ішке арналған "вакуум" жаттығуы дегеніміз не?

"Вакуум" жаттығуы – дене "корсетінің" бұлшықеттерін жаттықтырудың бір әдісі. Ол әсіресе іштің тік және көлденең бұлшықеттеріне пайдалы. "Вакуум" іштің терең бұлшықеттерін іске қосуға және олардың жиырылуына негізделген.

"Вакуумды" таңертең аш қарынға жасаған жөн. Жаттығу кезінде ауаны барынша ішке тартып, ішіңіздің бұлшықеттерін барынша терең тартасыз. Осы күйде қанша тұра аласыз, сонша ұстайсыз. Біртіндеп бұл уақытты арттыруға болады. Тынысыңызды қалыпқа келтіресіз, содан соң жаттығуды қайталайсыз. Осылайша, 10 рет жасауға болады.

"Вакуум" жаттығуы арқылы шынымен де арықтауға болады. Бірақ ол үшін оны күнде жүйелі түрде жасау керек. Мысалы, 5-6 күнде бір-ақ рет жасасаңыз, одан нәтиже күтпеңіз. Бастысы, оны күнде істеу керек", - деді Айнұр Жұмамұратқызы.

Толығырақ Massaget.kz сайтында.

Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети