Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 декабря 2020 17:26

"Вирус жұқтырып, бір ай емделдім". Пандемия дәрігерлердің өміріне қалай әсер етті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пандемия ықпалы ең қатты тиген сала - медицина. Бұл сала қызметкерлері көктемнен бері коронавируспен күресіп жатыр. Науқасты емдеп жүріп, өзі де COVID-19 жұқтырған дәрігерлер бар. Tengrinews.kz тілшісі терапевт-дәрігер Лейла Оспановамен сөйлесіп, пандемия кезіндегі жұмысы туралы білді.


Пандемия ықпалы ең қатты тиген сала - медицина. Бұл сала қызметкерлері көктемнен бері коронавируспен күресіп жатыр. Науқасты емдеп жүріп, өзі де COVID-19 жұқтырған дәрігерлер бар. Tengrinews.kz тілшісі терапевт-дәрігер Лейла Оспановамен сөйлесіп, пандемия кезіндегі жұмысы туралы білді.

"Вирус тарап жатқан кезде қорқыныш болды"

Лейла Оспанованың медицина саласында жұмыс істеп жатқанына 25 жылдан асқан. Қазір терапевт болып жұмыс істейді. Бұған дейін жедел жәрдем қызметінде қарқынды терапия бригадасында қызмет еткен.

"Біз жұмыс таңдаған кезде заман басқаша болатын. Бұл кәсіпті ақша үшін емес, жан-дүниемізбен таңдадық. Бүгінде өмірімнің басым бөлігін осы салаға арнадым", - дейді ол.

Оспанова басқа да медицина қызметкерлері секілді көктемнен бері вируспен арпалысып келеді.

"Коронавирус пандемиясының тікелей әсері біздің саламызға тиді. Көктемнен бастап ауыр диагноз қойылған науқастардың жағдайы нашарлады. Бұл індет медицинаға бейтаныс болды, сондықтан онымен күресу қиынға соқты. Наурыздан бері бәріміз коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істедік. Жазда бірінші толқын өршіп жатқан кезде қорқынышты болды. Өйткені алғашқы толқын әсері қатты еді. Сарқырама секілді науқастар ағынын бірінің артынан бірін лақтырды", - дейді терапевт.

Ол пандемия дәрігер қызметінің адам өміріндегі маңызды орнын анықтап бергенін айтады.

"Бұл індет Денсаулық сақтау министрлігіндегі кем тұстарды көрсетіп берді. Сондай-ақ, елімізде медицина қызметкерлерінің аз екенін көрсетті. 10 мың халыққа 10 терапевт-дәрігер жеткілікті деген бұрыннан қалыптасқан ұғым қазіргі уақытта жарамсыз болып қалды. Әлі де көп дәрігер қажет, оларды мадақтау, марапаттау керек. Дәрігер - мемлекетке қажет ең басты салалардың бірі", - дейді Оспанова.

Пандемияға дейінгі және пандемия кезіндегі терапевт жұмысында айырмашылық қатты бола қойған жоқ екен. Себебі, дәрігер сөзінше, коронавирус басталмас бұрын да науқастармен жұмыс істеген. Тек басты айырмашылық - пандемия кезінде науқастар саны артқан.  

"Бұрында да науқастарды қарап, құжаттар толтыратын едік. Ал пандемия кезінде мемлекеттік органдармен байланыс үзілгендей болды. Мысалы, біз науқасты тексеріп, оны ауруханаға жатқызу керек деп анықтама жазып береміз. Бірақ науқасты ауруханаға жатқызбайды, себебі онда орын жоқ. Науқастар саны көп болды. Денсаулық сақтау министрлігі мен терапевттер арасында байланыс болмай, біз бұл проблемамен жалғыз қалдық", - дейді ол.

"Вирус жұқтырып, бір ай бойы үйде жаттым"

Лейла Оспанова коронавируспен күресіп жүріп вирус жұқтырып алғанын айтады. Бұрын бұл вирустан қорықпайтын оның қорқынышы кейін пайда болған.  

"Басында коронавирус жұқтырып аламын деген қорқыныш болған жоқ. Бірақ кейін COVID-19 өзімнен табылды. Аурудың симптомдары қатты білінді. Аурудан жазылғаннан кейін қорқыныш пайда болды. Вирустың қаншалықты қауіпті екенін өз бойымнан өткіздім. Екінші рет жұқтыру қорқынышы туындады. Сондықтан вакцинация басталатын күнді тағатсыздана күтіп жүрмін", - дейді дәрігер.

Терапевттің айтуынша, ол бір ай бойы ауырып жатқан. Бірақ жедел жәрдем шақырмай, үйінде емделіпті.

"Өзім де дәрігер болған соң жедел жәрдем шақырмадым. Өзіме өзім көмек көрсете аларыма сендім. Себебі ол көп адам ауырып, жедел жәрдем бос болмаған кез еді. Халыққа көмектессін деп ойладым. Ауырып жатқанда әпкем күтіп-бақты. Үйдегілердің бәрін оқшауландырдым. Бір ай бойы су, сорпа, айран іштім. Бірақ тамақ іше алмадым. Бір ай ішінде 5-6 келіге арықтадым. Достарым хабарласып, жағдайымды білді. Бірақ мен олармен не туралы сөйлескенімді білмеймін. Есімді жартылай ғана білдім. Бұл өте қауіпті ауру. Одан адам өлімі көп тіркеліп жатқаны бекер емес. Бұл ең қорқынышты инфекциялардың бірі екеніне көзім жетті", - дейді ол.

Оспанова пандемияда жұмысының қаншалықты күрделі болатыны халыққа байланысты екенін айтады. Оның сөзінше, тұрғындар сақтық шарасын ұстанса, науқастар саны да азаяр еді.

"Қыста коронавирустан бөлек, тұмау, бактериялық пневомния өрши түседі. Біз қыркүйекте осы кезеңге дайындықты бастадық. Науқастарға тұмауға қарсы вакцина салдық. Жазда ауырғандардың бәрі вакцина салдыра бастады. 60 жастан асқан адамдар өз еркімен пневмонияға қарсы вакцина салдырды. Қазіргі уақытта маска, қолғап, антисептик секілді қорғаныс құралдарын ұмытпау керек. Осы маска, әлеуметтік қашықтық арқасында қазір бактериялық пневмония, ЖРВИ әдеттегіден аз тіркеліп жатыр. Коронавирус - өте қауіпті індет. Дәрігер ретінде де, вирус жұқтырған адам ретінде де солай айта аламын", - деді Лейла Оспанова.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети