ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
11 августа 2021 | 17:26

"Вирус күш ала бастады". Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандар қалай ауырып жатыр?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

Нұр-Сұлтанда эпидахуал әлі де нашар. Оған қоса вирус күш ала бастаған. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ онлайн-брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда эпидахуал әлі де нашар. Оған қоса вирус күш ала бастаған. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ онлайн-брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, елордада коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылар саны азайған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы эпиджағдайы бойынша "қоңыр-қызыл" аймақта. 

11 тамыздағы жағдай бойынша, стационарларда 2699 науқас жатыр. Орта есеппен тәулігіне 300 адам ауруханаға түседі. Коронавируспен күреске 16 инфекциялық стационар мен 7 мыңға жуық медицина қызметкері жұмылған", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

Тимур Мұратовтың сөзінше, қазіргі вирус адамның тыныс алу жүйесін ғана зақымдамайды.

"Вирус агрессивті бола бастағанын атап өткім келеді. Ол тек тыныс алу жүйесін зақымдамайды. Мутацияға ұшыраған вирусты 25 жастан жоғары жастар жиі жұқтыра бастады. Олар асқазан, жүйке жүйесінің бұзылуынан және буындардың қақсауынан зардап шегіп отыр. 

Пациенттер орташа немесе ауыр жағдайда түсіп жатыр. Көбі оттегіні қамтамасыз ететін аппаратты қажет етеді. Олардың басым бөлігі екпе алмағандар және санитарлық талатарды елемегендер. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде 243 науқас бар, оның ішінде 55 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - деді ол.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 1153 адам ауру жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети