Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 сентября 2020 13:13

Вице-министр коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина кімдерге қауіпті екенін айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mos.ru Фото: mos.ru

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина кімдерге қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина кімдерге қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасы - аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат. Бұл вакцинаның созылмалы, респираторлық аурулары бар науқастарға қарсы көрсетілімдері бар. Вакцинаны жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, 60 жастан асқан тұрғындарға қарсы көрсетілімі бар", - деді вице-министр Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

187 мың қазақстандық онкологиялық аурулар диспансерлік есебінде тұр

Сондай-ақ, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 түрін сынақтан өткізіп жатқанын атап өтті.

"Бізде 2 вакцина бар. Біріншісі, инактивтендірілген вакцина. Оның технологиясы басқашалау. Екіншісі, жеке вакцина. Мұнда технология бойынша айырмашылық бар. Инактивтендірілген технология бұрыннан қолданылып келе жатыр. Ол толығымен жансыз, оған адъюванттар қосылады. Бұл оған оң әсер етеді. Кейбір тұрғындар осы адъюванттарды алды", - деді ол.

"Асығыс шешім". Ғалымдар COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина туралы не дейді?

Айта кетейік, осыған дейін Ресей коронавирусқа қарсы вакцина жасағанын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл вакциналарды қашан сатып алатынын айтқан.

ДДҰ Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты пікір білдірді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети