Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 ноября 2020 17:28

Вице-министр коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтың симптомдарын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы БҚО-да емес, Қарағанды облысында тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы БҚО-да емес, Қарағанды облысында тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір елден осындай жаңалық шығып жатыр. Қайтадан ауырған адамдардың бір-екі жағдайы тіркелгенін әрбір мемлекет ақпараттарында жазып жатыр. Батыс Қазақстандағы болған жағдай - ол Батыс Қазақстан облысында ең бірінші болған жағдай. Бірінші ол кісі ауырғанда эпидемиологиялық анамнезі - кімнен жұққаны, қайдан келгені белгісіз болды. Сондықтан қазіргі таңда бұл жағдайды қайтадан ауырды деген жағдайға комиссия тарапынан, мамандар қарап есептемей отыр. Бірақ Қарағанды облысында қазір бір жағдай тіркеліп отыр. Бірінші жағдайында да аурудың толық клиникалық картинасы болған. Барлық инструменталдық, лабораториялық анализбен дәлелденген. Екінші жағдай осы қазан айының ішінде сондай аурумен қайта түсіп, ПТР-тесті оң болыпты. Сондықтан осы жағдайды біз қайтадан ауырған жағдай деп тіркеп отырмыз", - деді Ажар Ғинаят ОКҚ онлайн-брифингте.

Вице-министр Қарағанды облысында анық тіркелген, ал БҚО-дағы жағдай нақты емес дейді.

"Қазір министрлік тарапынан эпидемиологиялық комиссия қарап жатыр. Өйткені ол жағдай ең бірінші сол Батыс Қазақстанда, тіпті, коронавирус инфекциясы бірінші тіркелген жағдай болатын. Осы диагноз қойғаны үшін эпидемиологиялық сол кезде себебін таба алмаған. Сондықтан министрлік тарапындағы комиссия ол жағдайды қайта ауырған жағдайға жатқызбай отыр", - деді вице-министр.

Еске салайық, бүгін БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова өңірде коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети