Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 ноября 2020 16:19

"Зейнетақы жинағын ашпасаңдар, диплом бермейміз". Министрлік хабарламаға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews© Иллюстрациялық фото: Tengrinews©

Әлеуметтік желіде жоғары оқу орындары 4-курс студенттеріне жұмысқа орналаспаса да зейнетақы жинағын аштыруды міндеттеп жатыр деген жазба жарияланды. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бұл дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде жоғары оқу орындары 4-курс студенттеріне жұмысқа орналаспаса да зейнетақы жинағын аштыруды міндеттеп жатыр деген жазба жарияланды. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бұл дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінің қолданушысы Алматыдағы университеттердің бірінде студенттерге "зейнетақы жинағын ашып, өздерің ақша салып отырыңдар" деп міндеттегенін жазды.

"Алматыдағы бір университетте 4-курста оқитын сіңліме "зейнетақы жинағын ашпасаңдар, диплом бермейміз" депті. Студенттер "біз әлі жұмысқа орналаспадық, диплом қорғауға дайындалып жатырмыз" деген. "Өздерің ақша салып жүріңдер, ештеңе білмейміз" деп жауап беріпті", - деп жазды ол.

Жазбаға пікір жазғандар бұл қай университет екенін сұраған, бірақ студенттер қорқып, айтпай отырғанын айтқан.

"Бізден анықтама сұраған 4-курста. Ректоратқа шағымданып, біраз шулатып, бермейтін болып шешкенбіз. Түсінгенім бойынша университет оқу бітіргеннен кейін осынша адам жұмысқа тұрды. Біз тауып бердік деп соны өткізе салады", - дейді пікір жазғандардың бірі.

Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.

"Жоғары оқу орындары оқуын тәмамдаған түлектерге диплом беруге міндетті. Ол үшін түлектерден жұмысқа орналасқаны туралы анықтамалар талап етудің еш қажеті жоқ. Сондықтан студенттердің айтып отырғаны дұрыс. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 37-бабына сәйкес жеке зейнетақы шотын ашу студенттің өз өтініші негізінде ғана жүзеге асырылады", - деді Әділет Тойбаев.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоға бұл оқиға бойынша студенттерден шағым түспеген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети