Зейнетақы жинағынан емделу үшін ақша алу: портал қашан ашылатыны айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Зейнетақы жинағынан емделуге ақша алуға өтініш беру үшін арнайы портал 25 ақпаннан бастап істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Зейнетақы жинағынан емделуге ақша алуға өтініш беру үшін арнайы портал 25 ақпаннан бастап істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зейнетақы жинағынан емделуге ақша алу үшін арнайы портал 25 ақпанда жұмыс істей бастайды. Қазір механизмдері нақтыланып жатыр", - деді "Отбасы банк" төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингте.

Банк төрайымы шетелде емделгісі келетіндерге механизмдер наурыздың басында дайын болатынын айтты. 

"Наурыздың басында шетелдік ұйымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін бастаймыз. Бұл жерде конвертация мәселесі тұр. Өтініш берген қазақстандықтардың ақшасы БЖЗҚ-дан тек теңгелей түседі. Конвертация мерзімін шетелдік медициналық мекемемен келісімшарт жасағаннан кейін таңдау керек. Себебі келісімшарт жасалғанға дейін орындалса (ақша аударылса - еск.), онда медициналық ұйым қабылдамай қойса, билет болмай қалса және тағы басқа шектеулер болып қалса, клиенттердің валюталық айырмадан ақшасы азайып қалмауы үшін конвертацияны келісімшарт жасағаннан кейін жасаймыз", - деп түсіндірді "Отбасы банк" төрайымы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың зейнетақ жинағындағы бөлігін үй алуға, емделуге және қаржы ұйымдарының басқаруына беруге рұқсат беру туралы арнайы тапсырма берген еді. 23 қаңтардан бастап қазақстандықтан үй алу, ипотекасын төлеу үшін зейнетақы жинағының бөлігін алып жатыр.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының бөлігін емделуге және қаржы ұйымдарының басқаруына беру тетіктері дайын болмай жатқаны үшін денсаулық сақтау министрі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына сауал жолдап, жауапты мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік жазаға тартуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 35
Астана 31
Актау 29
Актобе 34
Атырау 34
Б
Балхаш 37
Ж
Жезказган 33
К
Караганда 25
Кокшетау 25
Костанай 39
Кызылорда 33
П
Павлодар 22
Петропавловск 35
С
Семей 37
Т
Талдыкорган 37
Тараз 38
Туркестан 32
У
Уральск 31
Усть-Каменогорск 38
Ш
Шымкент 34

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer