Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 марта 2018 12:54

Елімізде биыл шағын несиелеуге қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© darakchi.uz © darakchi.uz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шағын несиелеу ауқымын кеңейту үшін қосымша 20 миллиард теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде шағын несиелеу ауқымын кеңейту үшін қосымша 20 миллиард теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.

"Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады", - деді Елбасы.

Осылай деген Мемлекет басшысы 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. 

"Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети