ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 мая 2019 | 13:25

5G денсаулыққа қауіпті ме - Онкологтың жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vesttech.com © vesttech.com

Жыл соңына дейін еліміздің үш қаласында - Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте 5G интернет пайда болады. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпіріндегі байланыс операторлары 5G-ді сынақтан өткізіп жатыр. Жалпы бұл байланыс желісімен халық саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бірақ әлеуметтік желілерде 5G-дің денсаулыққа зияны жайлы жазып, білгісі келгендер көп.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жыл соңына дейін еліміздің үш қаласында - Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте 5G интернет пайда болады. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпіріндегі байланыс операторлары 5G-ді сынақтан өткізіп жатыр. Жалпы бұл байланыс желісімен халық саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бірақ әлеуметтік желілерде 5G-дің денсаулыққа зияны жайлы жазып, білгісі келгендер көп.

Продолжение

Бас және мойын (қалқанша безі) қатерлі ісігінің хирургы, онколог Дәурен Әділбай Tengrinews.kz тілшісіне 5G-дің денсаулыққа қаупі бар-жоғын айтып берді. Оның айтуынша, осы күнге дейін ұялы телефондар мен олардың қолданылуына қатысты көптеген зерттеу жүргізілген. Сол зерттеулер телефондар мен ісік арасындағы байланыстың жоқ екенін анықтапты.


Дәурен Әділбай. © Тengrinews.kz

"Радиожиілік сәулелендіру осымен ондаған жыл бойы тарап жатыр. Бүгінде ұялы телефондардың қолданылуына қатысты көптеген эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Ол сәулелендіруден келетін басты зақым - тек кішігірім қызу ғана. Көп жағдайларда ағза мұндай қызуды жеңіл өткереді. Себебі организмде жылуды реттейтін арнайы жүйе жұмыс істейді", - дейді онколог.

Айтуынша, осы терможүйенің арқасында температура сәл ғана жоғарыласа да, сәулелендіру ешқандай кері әсерін тигізбейді.

"Эпидемиологиялық зерттеулер ұялы телефондар мен ісіктің пайда болу қаупі арасында байланыс жоқ екенін көрсетті. Бесінші буындағы желілер де барлық телефон сияқты сәуле таратады. Желінің жиілігі жоғарылаған сайын ол толқындардың адам ағзасына ену қаупі төмендейді. Яғни 5G технологиясындағы жоғары жиілік тек тері деңгейінде және теріасты шелмайына әсер етеді. Мидағы қатерлі ісіктің пайда болуына әсерін тигізбейді", - дейді маман.

Жоғары жиілік, яғни электромагнит өрісі адам ағзасына былай әсер етеді екен: денедегі тіндер ол энергияны біртіндеп қабылдай бастайды. Ал электрмагнит өрістерінің жиілігі жоғарылағанда тіндерде жоғары жиілікті токтар пайда болады да адам тез шаршап, кейде басы ауырады. Ал кей жағдайларда қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырады.

Осы ретте онколог халықаралық ұйым мамандары жүргізген зерттеудің бірін мысалға келтірді.

"ICNIRP халықаралық ұйымы иондаушы емес сәулелерді зерттеумен айналысады. Осы зерттеудегі мәліметтерге сүйенсек, 5G желісі сәулелендірудің рұқсат етілген мөлшерінен аспайтын болса, одан денсаулыққа тиетін қауіп өте төмен. Бүгінде әлемнің түрлі елдерінде 5G технологиясын қолдану барысында дәл осы ереже сақталып отыр", - дейді Дәурен Әділбай.

Сондай-ақ, ICNIRP ұйымы жүргізген зерттеуде жоғары жиілік пен оның денсаулыққа келтірген зияны жайлы айтылған. Онда ғалымдар ұялы телефондарды қолдану мен бас ауруы, ұйқының бұзылуы немесе қан-тамыр немесе қатерлі ісік ауруларының пайда болуы арасында байланыстың жоқ екенін дәлелдейді. Алайда АҚШ сарапшылары өз зерттеулерінде 5G адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ғана айтқан. Дегенмен ол пікірлер әзірше ғылыми тұрғыда дәлелденген жоқ. 

Айта кетейік, еліміздегі барлық желі жергілікті инфрақұрылымдық инвесторлардың қаражатына салынып жатыр. Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан соңғы 10 жылда желілерді дамытуға 1 триллион теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Қазіргі таңда 5G технологиясымен көш бастап тұрған елдерге тоқталсақ, олардың үштігіне Финляндия, Аустрия және Швеция кіреді. 2016 жылы Швеция 5G бойынша рекорд орнатқан екен - секундына 15 гигабит. Бұл осыған дейінгі желілерден 40 есеге жылдамырақ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer