1. Главная
  2. Узнай
  3. Технологии
  4. Медицина

"Әзірше коронавирус бізден екі адым алда тұр" - неміс вирусологымен сұхбат 15 декабря 2021, 09:56

Коронавирус инфекциясына қарсы екпелер омикрон штамының алдында дәрменсіз бе? Осы мәселе бойынша Tengrinews.kz тілшісі Берингер Ингельхайм халықаралық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Нашли ошибку?

© Reuters © Reuters

Коронавирус инфекциясына қарсы екпелер омикрон штамының алдында дәрменсіз бе? Осы мәселе бойынша Tengrinews.kz тілшісі Берингер Ингельхайм халықаралық фармацевтика компаниясының ғаламдық ғылыми зерттеулер бөлімінің бастығы Дорейд Кастратимен сұхбаттасып, омикронға қарсы екпелер жайында сұрады.

Антиденені азайтады

Неміс вирусологы омикрон штамының адам ағзасындағы антидене мөлшерін едәуір азайтатынын айтады.

"Бүгінде омикрон штамының 60-қа жуық мутациясын анықтадық. Оның тең жартысы тек ақуыз-шыбықпен байланысты болып тұр. Ал оның адам ағзасы мен антиденеге әсері бар. Барлық ғалым біткеннің назары, ең алдымен, иммундық жүйенің әлсіреуіне ықпал ететін мутацияларға ауғаны тегін емес, өйткені, олар антидененің мөлшерін едәуір азайтады. Мұның соңында омикрон алдағы уақытта кез келген ауруды одан ары ушықтырып, екпе мен дәрі-дәрмектің тиімділігін азайтуға әкеп соғады. Бұған дейін анықталған альфа, бета, гамма және дельта штамдары мұншалықты деңгейде вирусологтардың мазасын қашырмаған еді. Қазіргі жағдай мүлде басқа, ешкім кесіп айта алмай отыр", - дейді ол.

Дорейд Кастрати 1978 жылы Германияның Дармштадт қаласында дүниеге келген. Ұлты - неміс. Бүгінде Берингер Ингельхайм халықаралық фармацевтика компаниясында ғаламдық ғылыми зерттеулер бөлімінің бастығы боп жұмыс істейді. 

КВИ-ді қайта жұқтыру қаупін арттырады

Дорейдтің айтуынша, кейінгі күндері жаңа штамының таралу жылдамдығы артып, ғалымдардың бұған дейін жасалған болжамын жоққа шығарды. 

"Енді омикронның пайда болуымен коронавирусты қайта жұқтырып, ауыру деңгейі 2,5 есе артып отыр. Оның таралу жылдамдығы да көбейді, B.1.1.529 штамы 1 ай ішінде 60-тан астам елді жаулап алды. Бұл көрсеткіш АҚШ-тың ұлттық денсаулық институтының жасаған болжамынан 5 есеге көп. Сондықтан, омикрон штамына бей-жай қарауға болмайды", - дейді Кастрати. 

Жылдам анықталады

Дорейд Кастрати бұл көрсеткішті B.1.1.529 штамының басқа вирустық ауруларға қарағанда жылдам анықталатынымен түсіндірді. Оның сөзінше, омикронды өзге штамдармен шатастыру қиын-ақ.

"Бұл омикронды коронавирус бойынша жиі қолданылатын сынақтар мен тестілер арқылы оңай анықтауға болатынын айтқым келеді. Тіпті, омикронды басқа да штамдардан ажыратып алу қиын емес. Неге десеңіз, кейінгі вируста S-гені өзінің әдеттегі ролін атқармайды", - дейді неміс докторы.

Жаңа штаммнан ревакциянация арқылы ғана құтылуға болады

Сонымен қатар, вирусолог қазіргі екпелердің омикрон штамынан толық қорғай алмайтынын айтып, жаңа штамға бейімделген вакциналарға тоқталды. 

"Biontech және Pfizer екпелері омикронға қарсы тек жартылай ғана қорған болады. Тек бұлар ғана емес, қолданыста бар барлық вакцина B.1.1.529 штамының алдында қауқарсыз болып тұр. Сондықтан екпе жасаумен айналысатын компаниялардың барлығы жаңа штамға бейімделген вакцина жасаумен айналысып жатыр. Менің болжамым бойынша, 2022 жылдың көктемінде алғашқы жаңартылған екпе шығуы тиіс. Десе де, ревакцинация арқылы омикроннан құтылуға болады. Неге десеңіз, қабылданған екпелердің арқасында адам ағзасында мутациялық өзгерістердің дамуы тежеліп, антидене үлесі артады. Ал бұл өз кезегінде B.1.1.529 штамына қарсы иммунитет қалыптастырады. Осыған байланысты алдағы уақытта 6 ай ішінде емес, 3 ай сайын ревакцинация жасатып отыруға тура келеді. Сол себепті омикронға бейімделген екпенің тез әрі сәтті дайындалуы маңызды болып тұр", - дейді Дорейд Кастрати.

Ғалымның болжамы

Соңында неміс вирусологы жаңа штамм бойынша болжам жасап, 2022 жыл неге оңай болмайтынын түсіндірді. 

"Күнделікті зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты шешім шығару үшін әлі де уақыт қажет. Біз әлі де омикрон штамы алдағы уақытта қалай дамитынын толық біле алмай отырмыз. Болжамға келетін болсақ, жаңа жылдан кейін үлкен проблемамен бетпе-бет келеміз бе деп қорқамын. Сондықтан адамдарды сақ болуға шақырамын. Әзірше коронавирус бізден екі қадам алда тұр", - деп сөзін аяқтады ол. 

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Германияның медицина докторы QazVac пен Қазақстан медицинасын бағалады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram